Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАЛА - КӨҢІЛДІҢ ГҮЛІ

c 08:56, 02/06/2023 c 65

0:00 / 0:00

Елімізде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған меркелік шаралар өтіп жатыр. Ал ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарында мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталықтың жұмысымен танысып, білімді, дарынды балалардың еңбектерін тамашалады. Ақорданың хабарлауынша, орталықта оқушыларды ғылыми-техникалық, көркем-эстетикалық шығармашылыққа баулып, олардың экологиялық-ботаникалық дүниетанымын кеңейтетін, болашақ мамандығын таңдауына бағыт-бағдар беретін клубтар мен үйірмелер жұмыс істейді.

Бала-көңілдің гүлі. Елдің болашағы бүгінді білімді, дарындығ еңбекқор балалардың қолында. Еліміздің түкпір-түкпірінде балаларды қорғау күніне арнлаған мерекелік шаралар өтті. Ал Президент Алматы қаласындағы мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталықтың жұмысымен танысып, білімді, дарынды балалардың еңбектерін тамашалады. Қасым-Жомарт Тоқаев осы үйрімелерде білімін ұштап, өз жобаларын жүзеге асырып жатқан дарынды оқушылардың жұмысымен танысты. Жеткіншектермен әңгімелесіп, оларды бүгінгі мерекесімен құттықтады. Ал балалардың дарынын, қабілетін дамыту үшін осындай орталықтар өте қажет екенін айтты.

Орталықта оқушылар үшін кәсіби бағдарлау кабинеті және авиамодельдеу, виртуалды зертхана, баламалы энергия көздері секілді үйірмелер бар.

Инновациялық шығармашылық орталықта 1000-нан астам бала бір мезгілде түрлі үйірмеге және спорт секциясына қатыса алады.Психологиялық-педагогикалық түзету, дефектолог, логопед кабинеттері де жұмыс істейді. 300 орындық көрермен залы, медиакөрме, интерактивті ойын және коворкинг алаңдары да бар. Сондай-ақ, Ақорданың хабарлауынша, айтулы күні Ақорда балаларға есігін айқара ашты. Еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық оқушыға «Ақордаға саяхат» ұйымдастырылды. Олардың арасында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар. Балаларға Ақорданың барлық залдары көрсетіліп, кітапхананы тамашалады. Сондай-ақ, оқушылар еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректермен де танысты. Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, елімізде 6 млн 600 мың бала бар. Жыл сайын 400 мың дала дүниеге келеді. Балалардың құқығын қорғау бойынша 15 халықаралық құжат, 4 кодекс және 15 заң қабылданған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.