Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бала еңбегі қанша тұрады?

c 17:15, 30/07/2019 c 938

0:00 / 0:00

Бала еңбегі қанша тұрады.Осы сұраққа ойланып көрдіңіз бе?Бала өзімдікі деп баланы аямай жұмсау, қара жұмысқа жегу қаншалықты дұрыс.Біз, бұл жерде баланы мүлдем жұмсамаңыз деп отырғанымыз жоқ.Иә, баланы еңбекке баулып өсірген дұрыс.Бірақ баланы жұмысқа алушылар қажетті заң талаптарын сақтап жүр ме?Сіз балаңыздың құқығы тапталмай, жалақысын уақытылы алып отырғанына сенесіз бе? Иә, дерсіз.Ал, полиция қызметкерлері басқа деректерді анықтап отыр.Орал қаласында жүргізілген жедел профилактикалық іс шарасы аясында қаланың өзінде баланың еңбегін заңсыз пайдаланушылар көп екендігі белгілі болды.ҚР Еңбек заңнамасына сәйкес балалар 14 жастан бастап жұмысқа орналаса алады. Бірақ тиісті ескерілуі керек ережелер бар.Мәселен, 14 жастан 16 жасқа дейінгі балалар аптасына 24 сағат қана жұмыс жасауы керек. Яғни, оларды күніне 2-3 сағаттан артық жұмсауға болмайды. Ал, 16 жастан 18 жасқа дейінгі балалар 36 сағат жұмыс жасауы керек. Бұл жаста баланы күніне 3-4 сағат еңбекке араластыруға болады.Және сенбі ,жексенбі демалыстары берілуі тиіс.Бірақ рейд барысында белгілі болғаны балалар таңнан кешке дейін тұрады.Сенбі -жексенбі деген демалысты естіп те көрмеген.
Көшеде тәтті сусындар, балмұздақ сатып нәпақа тауып жүргендер де күні бойына тұрады.Көлік жуу орындарында да мектеп оқушылары өріп жүр.Ал оларды жұмысқа алушылар баланың заңды өкілімен келісімшарт жасауы тиіс.Баланы жұмсайтындар еңбек келісім шартын да жасамайды, баланы аямай жұмсайтыны тағы бар.Былайша айтқанда арзан жұмыс күші.Негізі заң бойынша 14-16 жастағы балалар 3-4 кг артық көтермеуі керек.Оларды ауыр жұмысқа жегуге болмайды.Бірақ бір -біреуі 15-18 кг тартатын қарбыздарды балалар тасып жүр.Рейд барысында осындай заң бұзушылықтар көп анықталды.
18 жасқа толмаған балалар жаз бойына қарбыз -қауын сатады. Құрылысқа араласады.Бұғанасы қатып, буыны бекімеген осы бүлдіршіндер қайбір жетіскеннен күннің ыстығына қарамастан далада тұр дейсің. Ата - анасының тапқаны қапқанына жетпегендіктен, амалдын жоқтығынан балалар еңбек етуге мәжбүр.Баланы еңбекке баулуды ешкім жоққа шығармайды. Ата - анасына көмектесіп, қамқор болып өскені жақсы.Бірақ 8-9 сағат баланы жегіп қою қаншалықты дұрыс. Бала ерте есейіп, балалығымен ерте қоштаспай ма?

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.