Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бақылауда

c 17:33, 25/03/2020 c 454

0:00 / 0:00

БҚО-да қауіпті кеселді жұқтырғандар жоқ. Бүгінде облыста 1 А категориясы бойынша 24, ал 1 Б бойынша - 124 адам күн сайынғы медициналық тексеруге алынған. Қауіпті кеселді жұқтырғандар жоқ. Коронавирус тіркелген мемлекеттер санаты толығып жатқанын айта кеткен жөн. Оның 1А санатына Франция, Иран, Италия, Үндістан, Испания, Малайзия, Германия, Таиланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Шри-Ланка және Египет мемлекеттері кірген. Ал 1Б санатына алғашқы санатта көрсетілмеген аталмыш инфекция тіркелген өзге мемлекеттер жатады. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан ішкі әуе және теміржол рейстерімен келген барлық жолаушыға бақылау орнатылған. Ресей Федерациясының шекарасындағы бес аутоөткелде термометрия және сауалнама жүргізу арқылы санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілген. Ал наурыздың 22 күні Мәскеу - Ақтөбе рейсімен Оралға келген 4 азамат карантин стационарына жатқызылған. Олардан коронавирусқа алынған тест теріс нәтиже көрсеткен екен. Әлі де бақылау жалғасуда. Сондай ақ брифингте әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын негізсіз көтерген сауда орындарын, сатушыларды көрген жағдайда, 109 нөміріне хабарласу керектігін айтты.Сонымен қатар, сауда нүктелерінде санитарлық ережелердің, төтенше жағдайдағы талаптардың орындалмағанына куә болған жағдайда видео әлде фотоға түсіріп, 8700 0109109 уатсап нөміріне жолдауға болады. «Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» ҚР Премьер-Министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы өкіміне сәйкес, ел аумағынан медициналық жеке қорғаныс заттарын шығаруға тосқауыл қойылған. БҚО МКД экспортты бақылау басқармасының басшысы Ерболат Гайнешевтің сөзінше, осындай заттарды шекарадан Ресейге алып өтпек болған болған үш дерек тіркелген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.