Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бәйтеректегі жаңалық

c 15:44, 03/07/2019 c 762

0:00 / 0:00

БҚО Бәйтерек ауданында 240-тан астам бейнебақылау құрылғылары орнатылды. Бұл бейне камералар мемелкеттік жекеменшік серіктестік бағдарламасы аясында орантылған. Аталмыш құрылғылар жұмыс жасағалы бері аудан көлеміндегі үш қылмыстың тез ашылуына көмектескен. Ақылды камералар облыс орталығына жақын орналасқан 7 ауылда орнатылды. Аудан көлемінде орнатылған камералардың жұмысымен облыс әкімі Ғали Ескалиев танысты.

Облыс орталығына ең жақын орналасқан Бәйтерек ауданында "Сұңқар смарт сити" бағдарласы іске қосылды. Аталмыш бағдарламаның аясында ауданның 7 ауылында 247 бейнебақылау құрылғылары орнатылып отыр. Жаңашылдық азаматтардың қауіпсіздіші үшін қолға алынып, тәртіп бұзған жандарды анықтауға арналған. Құрылғылар жұмыс жасағалы 3 қылмыстың тез ашулына жәрдемдесіпті. Бағдарлама мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында іске асуда. Аудан көлемінде бейнебақылау құрылғыларын орнатуды қолға алған компания өкілдері 3 жылдың ішінде камераның кем-кетігін дұрыстап, атқарушы билік өкілдеріне көмектесуі шарт.

Жаңашылдықтар мен аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстардың аяқ-алысын бақылау үшін барған өңір басшысы Калинин ауылында орналасқан су насос станциясының жұмысын көрді.Аталмыш станцияда өткен айда үлкен апат болып, 5 ауылға су беру жұмыстары тұралап, ауыл тұрғындары біраз қиындық көрген еді.

Сала мамандары насосты станцияның қуаттылығын арттыру үшін оны кеңейту қажет. Қосымша 40-ға қала тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін мемлекеттен қыруар қаржы бөліну қажет дегенді айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.