Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАЙЛЫҚ САЛЫҒЫ ҚАШАН ЕНГІЗІЛЕДІ?

c 01:25, 09/02 c 73

0:00 / 0:00

Бұған дейін айтылғандай, 2025 жылдан бастап байлық салығы енгізіледі. Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жылжымайтын мүлікке және алкоголь акциздеріне салынатын салық өседі дегенді. Сондай-ақ, акциялар мен жылжымайтын мүліктен табыс тауып отырған бизнесмендерге салық салмағы түсетінін айтқанды. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салық салу жүйесін қайта қарауды тапсырды. Тоқаев қазір әзірленіп жатқан жаңа Салық Кодексін сынап тастағанды. Жобадағы өзгерістерге көңілі толмайтынын айтты. Үкіметке инвесторларға қолайлы жағдай жасайтын және бюджетке қажетті көлемде қаржы әкелетін құжат дайындауды тапсырды. Мемлекет басшысы Қазақстанда түпкі мәні өзгеріп кеткен қосылған құн салығының өзін реформалау қажет. Оны 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтеру мәселені шешпейді деді. Тіпті Үкіметке Салық Кодексі құжатын әзірлеуге экономистер мен бизнес өкілдерін тартуды ұсынды. Қаржы вице-министрінің айтуынша, үкімет алдағы мамыр айында Парламентке Салық Кодексінің жаңа жобасын ұсынады. Ол жерде байлық салығына қатысты норма да енгізіледі.

Қазақстанда әр азамат мемлекетке өз жалақысының 10 пайызын қосымша құн салығы ретінде аударып отырады. Бұл әлемдегі ең төменгі көрсеткіш. Мұндай салық әрине қазақстандықтардың 2 пайызын ғана құрайтын бай-бағландардың көңілінен шығып отыр. Forbes тізімінде отырған қалталы қазақстандық азаматтардың банкі бар, яхтасы мен ұшағы, мұнай саласындағы бизнесі тағы бар. Зәулім сарай соғып алған. Бір емес, ондаған жылжымайтын мүлігі бар. Тізе берсең шіріген байлар. Президент айтқандай Қазақстанның байлығы 162 адамның қолында. Ал сол байларға салынатын салық көлемі тым аз. Ал бүгінде олигарх бір ұшағы үшін мемлекетке бар - жоғы 13 мың теңге ғана салық төлейді екен. Алайда, вице-министр сән-салтанат байлығына салынатын салық салмағына неше адам ілігетінін айтпады.

Елімізде байлықтың буымен еш қамсыз өмір сүріп жатқандар қомақты салық төлеп көрмеген. Егер салық салмағы түссе, олар одан жалтарудың жолын табады. Жылжымайтын мүліктерін төменгі бағамен көрсетуі де мүмкін деген пікір бар. Я болмаса мүлігін компанияға тіркеп қойып, салықты аз төлейді. Бірақ жаңа Салық кодексі мұндай қитұрқы әрекеттерге жол бермейді деген үміт бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.