Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Байқау.Әлеуметтік мәселелерді шешу назарда!

c 17:36, 18/06/2019 c 727

Қоғамның немесе қоғамның жекелеген әлеуметтіктоптарының әлеуметтік маңызды проблемаларын шешуге ықпал етуге үкіметтік емес ұйымдар ат салыса алады. Осы орайда облыстық ішкі саясат басқармасы жергілікті қоғамдастық проблемаларын шешуге бағытталған жаңа инновациялық әлеуметтік идеялар мен жобалардың жәрмеңкесін өткізбек. Грант алуға ниетті үкіметтік емес ұйымдар 30 маусымға дейін әлеуметтік жобаларын ұсына алады. Жобаларға бөлінетін гранттың жалпы бюджеті – 2 500 000 теңге. Гранттар 12 бағыт бойынша бөлінеді. Атап айтқанда, білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу, азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған ортаны қорғау, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау, отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау, жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, мәдениет пен өнерді дамыту, тарихи-мәдени мұраны қорғау және қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту. Байқауды «Фонд содействия научным исследованиям» жеке қоры өткізеді.Таңдалған жобалар жыл соңына дейін облыс аумағында жүзеге асырылатын болады.  Күні бүгінге дейін үш адам байқауға қатоысуға риет танытқан. Сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік проблемаларды шешудегі үздік жобалары үшін «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Әрекет» гранттар байқауын жариялады. Республикалық байқаудың жалпы жүлде қоры – 150 млн. теңге. Бұл байғауға да өтінімдерді қабылдау 30 маусымда аяқталалды. Мәліметтер әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми сайтында жариаланған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.