Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Баға тұрақты

c 17:28, 18/03/2020 c 936

0:00 / 0:00

Қымбатшылыққа жол жоқ. Жарияланған төтенше жағдайларға байланысты сауда нүктелерінде қант пен картоптың бағасы шарықтап кетті. Осы орайда арнайы құрылған мониторингтік топ тәулік бойы бағаны қадағалау шараларын жүзеге асыруда. Сала мамандары картоп бағасы бір қалыпқа түскенін мәлімдеді.Күні кеше 160-170 теңгеге, кей дүкендер желісінде құны 200-ге шарықтаған картоп бүгін орталық базарда 100 теңгеден сатылып жатыр. Сала мамандары бағаны негізсіз көтерген кәсіпкерлердің заң аясында жазаға тартылатынын жеткізді. Ал құмшекер ел аумағында өндірілмейтіндіктен облыс әкімдігі тарапынан тасымалдау бағытындағы қажетті келіссөздер жүргізілуде. Ал сақтындыру қорында әлеуметтік тауарлар жеткілікті. Оралдықтар орталық базардан қажетті тағам түрлерін тауып жатқанын жеткізді.Сатушылар тауарларын күнделікті алатынын, ал кеше көтерме бағамен картопты 140 теңгеден сатып алғанын жасырмады. Төтенше жағдайдың енгізілуіне орай облыс аумағында және Орал қаласында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі штаб құрылып, жұмысын бастады. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен төтенше жағдай режиміндегі жұмыс кестесіне сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар күшейтілген режимге көшкен. Халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін салалардың тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз ету мемлекеттік органдарға жүктеліп отыр. Бүгінде облыс орталығында 1 446 кәсіпкерлік субъектісі бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.