0:00 / 0:00
Азық-түлік бағасы қанша пайызға өсті? Бұл сұрақ қазақстандықтардың көкейіндегі басты мәселе. Себебі, геосаяси ахуал, әлемдік экономикалық дағдарыс бағаның шарықтауына әкеп соқты. Бірақ үкімет қарап отырмай, одан шығу жолдарын іздеуі керек. Себебі, халықтың табысы күнделікті тамағынан артылмай қалды. Қымбатшылық қысып барады.
Ал азық-түлік бағасы 25 пайызға қымбаттады. Импортпен келетіні бар, отандық өнімі бар қымбаттамағаны жоқ. Үкімет басшысы болса алдағы үш айдан соң жағдай түзеледі деп жұбатады. Ол үшін министрлер кабинеті қажетті шараны жүзеге асырады деп нақтылады вице-премьер.
Үкімет мүшелерінің айтпағы сол баяғы жоспар. Импортқа тәуелділіктен арылу, өндірісті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, отандық өнім көлемін көбейту. Ол үшін мемлекеттік қолдау жасалады. Ауыл шаруашылық саласына субсидия беріледі. Тізе берсек, жоспар көп. Егер осы уәделердің бәрі сөз жүзінде қалмай, іске асса қымбатшылықты жоймасақ та, тоқтата алсақ жақсы ғой.