Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘЛІМЕТІ ҚОРҒАЛМАЙ ОТЫР

c 14:38, 29/09/2023 c 122

0:00 / 0:00

Қазақстандықтардың жеке деректері әлеуметтік желі арқылы тарап жатыр. Телеграм мессенджеріндегі бот кез келген адамның телефон нөмірі, мекен жайы мен жұмыс орнын іздеген жанға оңай тауып бере алады. Тіпті басында ақпаратты тегін тауып беретін бот артынша нәтижелерді іздеуді тоқтатып, ақылы түрде жазылуды ұсынады. Ал оған жазылу үшін Ресей рублінде төлем жасау қажет. Отандық БАҚ бетінде бұл келеңсіздік жайында ақпарат тарасымен, цифрлық даму министрлігі түсініктеме берген еді. Азаматтардың жеке деректері түрлі әлеуметтік желідегі ақпараттар арқылы қолжетімді болады. Яғни, бұл жеке мәліметтер Телеграм, Фейсбук, Ватсап пен өзге де онлайн платформалардан жинақталған мәліметтер деп түсіндірді министрлік. Парламент Мәжілісінде «Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды. Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша, заң ақпаратты, оның ішінде дербес деректерді қорғаудың құқықтық базасын қалыптастыруға арналған. Әрбір оператор реттеушіге дербес деректердің таралып кеткені туралы хабарлауы тиіс. Ақпараттың таралып кетуі анықталған сәттен бастап үш күн ішінде берілуі керек. Алайда, цифрлық даму министрлігінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтумен айналысатын құрылымда бар-жоғы 20 қызметкер ғана бар. Депутаттар олардың санын арттыру керек немесе жеке мекеме құру қажет дейді.

ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Онда бар-жоғы 20 адам жұмыс істейді. Отырыста депутаттар осы мәселені көтердік. Біздің жеке деректеріміз еркін айналымда жүргенде, оны қорғайтын құрылымды мықтау керек. Цфирлық даму минситрлігі базасындағы құрылымның қызметкерлер санын арттыру қажет немесе халықаралық тәжірибедегідей жеке мекеме құру қажет»

Заң жобасындағы жаңашылдықтың бірі «ақ хакерлер» институтын және бак-баунти платформасының қазақстандық аналогы жұмысын құқықтық реттеу ұсынылып отыр. Бұл шара ақпараттық жүйе зерттеушілерін ақпараттық жүйе қателіктері мен осалдықтарын анықтап, тартуға ықпал етпек. Белгілі болғандай, басқарылатын хакерлік бұзу тапсырыс иелерінен келеді, қатынастар арнайы платформалар арқылы ресми түрде жасалады. Барлық жұмыстар заң аясында жүргізіледі. Әлемде мұндай платформалар ақпараттық қауіпсіздік бойынша үздік мамандарды тартады. Қазақстандықтардың жеке мәліметтерін заңсыз қолданғандардың ажуапкершіліген қатысты айыппұл көлемін арттыру ұсынылды.

Қоғамда алаяқтардан зардап шеккен қазақстандықтардың жеке сәйкестендірілген нөмірін ауыстыру да ұсынылды. Алайда заңнамада жеке сәйкестендіру нөмірін өзгерту қарастырылмаған. Депутаттар бастамашы болған ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.