Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Автодром іске қосылды

c 17:20, 14/08/2020 c 817

0:00 / 0:00

Орал қаласының мамандарылған халыққа қызмет көрсету орталығында жаңадан С; Е және А көлік жүргізу куәлігін алушыларға жаңадан автодром ашылды. Жүк көлігін және мотоциклды жүргізуге өтініш білдірген жандар жаңа алаңда сынақ тапсыра алады. Бұған кейін бұл орталық аумағында В жүргізуші куәлігін алу үшін ғана емтихан тапсыратын еді.

Орал қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында көлік жүргізушілері С; Е мен А категориясын тапсыра алатын мүмкіндікке ие болды. Ертеректе, көлік пен емтихан тапсыратын орын әзір болмағандықтан, көлік жүргізушілері сынақ тапсыра алмаған еді.

Алаң іске қосылған бірінші күнде азаматтар сынақ тапсырды. Бірі жүк тіркемесі бар ауыр көлікті тізгіндесе, енді бірі мотоциклды басқарып, білгендерін комиссияға көрсетті.

Полиция қызметкері, мемлекеттік қызмет істері, халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарынан құралған комиссия біраз кемшіліктер болғанымен қос курсант сынақтан өткендігін хабарлады. Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын мамырда бастаған болатын. Күні бүгінге дейін орталықтың көмегіне 5000 адам жүгініп үлгерген. С; Е және А категориясы бойынша көлік жүргізушісі куәлігін алуға ынта білдіргендер орталықтың қызметін брондап, сынақ тапсыра алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.