Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Автобустар тоқтады

c 17:39, 04/06/2020 c 698

0:00 / 0:00

10-шы, 35-ші және 3-ші қоғамдық көліктерде санитарлық нормалар сақталмаған, яғни автобус жүргізушілері мен кондукторлары медициналық маскасыз және қолғапсыз жолаушыларға қызмет көрсетумен қатар, тұрғындар да қажетті талаптарға бой ұсынбаған. Пандемияға қарсы шаралар жеңілдетілгенімен қауіп әлі де болса сейілген жоқ. Бұл Орайда Ел Президенті Қ.Тоқаев твиттер әлеуметтік желісі арқылы күн сайын ел тұрғындарына сақтық шараларын ұмытпау қажеттігі туралы ескерту жасауда. Дегенмен қауіпті індетке сенбейтіндер қатары сейілер емес. Нәтижесінде олқылыққа орын бергендер осылайша жұмыстан шеттеттіліп отыр.Айта кеткен жөн, бүгіннен бастап облыс аумағында карантин талаптары күшейтіліп отыр. Ал қалыпты тірлікке толықтай оралу үшін әр адам жауапкерлікті сезінуі тиіс.Сала мамандары жұмысын уақытша тоқтатқан автопарктерге барып, тағы да түсіндіру шараларын жүргізуде. Комиссия құрамында өзге де уәкілетті орган өкілдері бар. Әлі де болса автобус ішінде қауіпсіздік құралдарын ұмыт қалдырған жолаушылар кездесуде. Оны түсірілім барысында көзіміз шалды. Естеріңізге сала кетеміз бүгінен бастап санитарлық талаптар сақталмағаны үшін қалалық демалыс саябағының есігі де келушілері үшін қайта жабылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.