Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АУЫЛДАН ХАЛЫҚ КЕТІП ЖАТЫР

c 23:02, 25/02 c 57

0:00 / 0:00

Ел үкіметі соңғы 10 жылда ауылды дамытуға арналған түрлі бағдарламаларды енгізгенімен, ауыл тұрғындарының қалаға көшуі жыл сайын артуда. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2019-2023 жылдары республикалық бюджеттен 524 млрд теңге бөлініп, 1,5 мыңнан аса ауылдық елді мекенде 5 мыңнан астам жоба іске асырылды. Алайда, ол өз нәтижесін бермеді дейді сенатор Жөргенбаев. БҰҰ болжамына бойынша, 2050 жылы урбанизация 70%-ға жетуі мүмкін дейді. Қазір қала тұрғындарының үлесі 56%-дан 62%-ға дейін өсті. Ауыл халқы жаппай қалаға кетіп жатыр. Ауылдықтардың саны төмендеп кетті.

Ал өңірлер де, мегополист қалалар да мұндай көші-қонға дайын емес. Жөргенбаевтың мәліметінше, бүгінде елде 90 қала бар. Оның 70%-ы ұсақ қала болса, 20-сының ғана халқы 100 мыңнан асады. Яғни шағын қалалар көп, ал жалғыз өнідіріс орындарына қарап отырған моноқалаларда инфрақұрылым толық шешілмегені. Ауылдықтарды жаппай қалаға көшіп жатқанымен, қалалардың оларды қабылдауға мұршасы келмей жатыр. Депутат өңірлерде жаңа өндіріс орындарын ашып, ауыл шаруашылығына жаңа технологиялар енгізбейінше үкімет ретсіз урбанизацияның салдарымен күресе береді, - дейді. Сондай-ақ ол шекарадағы ауылдардың да жағдайы мәз емес. Халық саны азайып барады деп дабыл қақты. Үкіметке шекара маңындағы елдімекендерді тұратын халыққа 50 пайызға дейін үстемақы белгілеуді ұсынды.

Қазақстан ауыл шаруашылығын дамытып, аграрлық секторды экономиканың дарйверіне айналдырамыз деп жоспарлап отырғанда, ауылда адам қалмайтын түрі бар. Сенат депутаттары ауылдарда баспана, жалақы, мәдени инфрақұрылымдар дәл қаладағыдай қолжетімді болу керек дейді. Ветеринария, ауыл шаруашылығы бойынша, ал мұнайлы аймақтарда мұнай-газ мамандықтарына баулитын білім ошақтарын құрып, жаңғырту қажет. Үкімет ауыл шаруашылығына ғана емес, ауыл тұрғындарының мәдени өміріне, денсаулық сақтау жүйесі мен инфрақұрылымға да назар аударуы тиіс. Тек сонда ғана ішкі миграцияны ауыздықтай аламыз, - деген ұсыныстарын премьер-министрге жолдады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.