Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауыл мектебін су басты

c 18:28, 31/03/2022 c 518

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында ауыл мектебін су басты. Оқиға Қаратөбе ауданына қарасты Шалғын елдімекенінде тіркелді. Ауыл тұрғындары мектептің өзге бөлігін судан аман сақтап қалғандарын айтады.

Мына бейнекадрлар Қаратөбе ауданына қарасты Шалғын елдімекенінде түсірілген. Бейнежазбада ауылдық мектепті су басқанын, азаматтардың білім беру ұйымының мүлкін сыртқа шығарып жатқанын көруге болады. Ауыл тұрғындары қар суы 28-наурызда ғимаратқа залал келтіре бастағанын айтады.

Аудан әкімі Қоскөл ауылдық округіне қарасты елдімекенде орналасқан мектептің қосалқы ғимараты суға кетті деп мәлімдеді. Жалпы мектептің өзі 3 бөліктен тұрады. Білім ордасы 1964 жылы салынған, кейін 1988 жылы да өзге ғимарат бой көтереді. Ал, 2007 жылы ауыл тұрғындары өз күшімен 100 шаршы метрден астам қосалқы ғимаратты салады. Су басқан қосалқы нысанда бір сынып пен мектептің әкімшілігі отырған.

Білім басқармасының келтірген дерегі бойынша Шалғын мектебінде 37 оқушы білім алады. 31-наурызда сабақ болмапты. Білім басқармасының мамандары сабақ процесі 1-сәуірде мектептің залал келмеген бөлігінде жалғасатынын хабарлады. Олар 2023 жылы ауылға жаңа 60 орындық модульды мектеп салу жоспарланып отырғанын айтады.

Тұрғындармен телефон арқылы тілдескен кезде олар ауылды су басу қаупі бар деп айтып, Шалғынның жанында орналасқан өзен арнасынан тасуы мүмкін деген уәждерін айтты.

Бұдан өзге Қаратөбе ауданына қарасты Ақтайсай ауылында тас жолды су шайып кетті. Екпіні қатты судың кесірінен бөгет бұзылды. Қазіргі таңда ауылмен қатынас жоқ. Алайда әкімнің сөзіне сенсек, Ақтайсай ауылына судан судан төнер қауіп болмайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.