Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аулалар абаттандырылуда

c 17:13, 04/06/2019 c 677

0:00 / 0:00

Оралда көпқабатты үйлер аумағындағы аулаларды абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Қазір қалада жаңадан салынып жатқан үйлерді есептемегенде 386 аула бар. Тек соңғы жылдарда оның 279-да толыққанды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылы 30 аула абаттандырылса, биыл 25-інде жасалады. Жұмыстар жоспар бойынша тамыз айында аяқталады. Мәселен, "Вокзальная-6" мекенжайындағы көпқаббаты бұл үй 40 жылдан аса уақыт бұрын бой көтерген. Байырғы тұрғындардың сөзінше үйдің алды ешқашан жөндеу көрмеген. Бұл нысандардың жөнделуіне бюджеттен 300 миллион теңге қаржы бөлінген. Қазір бұл  жерде 20 ға  жуық жұмысшы еңбектенуде. Құрылысшылар жұмысты межелі уақыттан бұрын аяқтаймыз дейді. Осы жылы жоспар бойынша жиырмаға жуық аула аумағы жаңартылмақ. Яғни территориялардың 84% абаттандырылды. Бұл жұмыстардың нәтижесінде балалар және спорт алаңдары, асфальт жолдар салынады. Яғни тұрғындардың бос уақытын өткізуге ыңғайлы жағдай жасалуда. "Жукова-9" мекенжайындағы көп қабатты үй ауласына да абаттандыру жұмыстары басталған. Бұдан бөлек 60 аула аумағында жұмыстар күтіп тұр. Егер қаражат бөлінсе, онда отыз отыздан 2 жылда бұл сұрақтың жауабы шешілмек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.