Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әскерге шақыру басталды

c 15:23, 11/03/2019 c 806

0:00 / 0:00

Наурыздың бірінен бастап еліміздің аумағында көктемгі әскерге шақыру кезеңі басталды. Аталмыш науқан маусымға дейін жалғаспақ. Сала мамандары көктемгі кезеңде 250-ге жуық Оралдық ер азаматты медициналық тексерістен өткізіп, әскерге жібермекші.

Сала мамандарының сөзіне сенсек, ер азаматтарға Отан алдындағы борышын өтеуге сыр берген денсаулығы кедергі келтіретін көрінеді. Азаматтардың арасында көз аурулары, май табандылық пен салмақтың аз болуы көптеп кездеседі. Дәрігерлер жаппай қолданыстағы ұялы телефон мен заманиу компьютердің салдарынан көз ауруларына шалдығады. Ал, салмақтың аздығы дұрыс тамақтанбаудың салдарынан деседі.

Сондай-ақ, сала мамандары өз еркімен әскерге барғысы келмейтін жандардың артуына күнкөріс себеп,- дейді. Қазіргі таңда дені сау азаматтардың басым көпшілігі басқа қалада жұмыс жасап жатқан көрінеді.

Көктемгі әскерге шақыру науқанында Оралдық 249 азамат тиісті тексерістен өтпек. Олардың қатарында Әлішер Машиков та бар. 20 жасар бозбала барлық ер адам Отан алдындағы борышын өтеуге тиіс,- дейді.

Сала мамандары Отан алдындағы борышын қасақана өтегісі келмейтін жандар заң алдында жауапқа тартылатындығын ескертеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.