Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АПАТ САЛДАРЫ ҚАШАН ЖОЙЫЛАДЫ?

c 15:16, 16/08/2023 c 42

0:00 / 0:00

МАЭК-гі апат салдары қашан жойылады? Өздеріңізге мәлім, 11 тамыз күні Астана Маңғыстау облысындағы ЖЭО-2-де екі турбоагрегат сөндіріліп, салдарынан Атырау электр орталығында тұтынушылық – 45 МВт-қа, кейіннен Маңғыстау электр орталығында 98 МВт-қа ажыратылды. Дәл осы күні жаңа апат орын алды. Жүктеме төмендеген соң, МАЭК ЖЭО-дағы 3-блок өшірілді. Бұл Атырау мен Маңғыстауда энергия тұтынуды шектеуге әкеп соқты. Үкімет дәлізінде тілшілердің сұрағына жаупа берген Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев МАЭК-тегі апаттың себебін түсіндірді.

Қазір маңғыстаулықтарға энергия тұтынуда шектеу қойылып отыр. Облыста Маңғыстау атом энергетика комбинатында екі энергоблок істен шықты. Соның салдарынан өңірде энергияны тұтынуға ішінара шектеу енгізілді. Мұнай өндіру көлемі төмендеді.Энергетика министрі Сәтқалиевтің айтуынша, мамандар 1-ші энергетикалық блокты жөндеп жатқанда 3-ші блоктағы ақаулықты байқаған. Бұл МАЭК-тегі екінші апат. Мұндай жағдайдың жиілеп кетуіне Жылу элеткр орталықтары әбден тозған. Көп жылдан бері қаржы құйылмаған. Ал оны жөндеп, жаңартуға ақша жетпей жатыр,- дейді министр.

АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ "МАЭК-те бәрі тозған. 1-ші блокта апат болғанын білесіздер. Себебі турбинасы дұрыс істемей қалды. Біз осы блокты жөндегенде 3-ші блокта судың тым көп өтіп жатқанын байқадық. Басында 40 тонна, одан кейін 60 тонна су кетті. Бұл дегеніміз, қазандықтардың қалқандарына зақым тиген. Осыған байланысты 3-ші блокты да жөндеуге тура келді. Генерацияны да айтарлықтай азайтуға мәжбүр болдық. Ол жақта қондырғылар тозған, оны жаңартуға ақша жетпей жатыр"

Маңғыстау облысында энергия тұтыну көлемі 650 МВт құраса, апаттан кейін 250 МВт-қа шектеу енгізуге тура келіп отыр. Бас энергетик МАЭК ЖЭО 3 блогында апатты қалыпан келтіргенше мұнай-газ саласындағы кәсіпорындар үшін, сондай-ақ басқа да өндірістер үшін шектеулер енгізілді. Шамамен екі сағатқа сөндіріп отырады. Ал тұрғындардың және әлеуметтік маңызы бар нысандардың қажеттіліктері бірінші кезекте қамтамасыз етіледі дейді шенеуніктер. Қазір апатқа қатысты мемлекеттік комиссия өз жұмысына кірісті. Министр Сәтқалиев елдің батысындағы энергетика апаты мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне әсер ететінін айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.