Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аналарды қуантты

c 17:52, 31/05/2019 c 760

0:00 / 0:00

Шала туған балалар - бұл медициналық және әлеуметтік проблема. Өкінішке қарай, жыл өткен сайын олардың саны азаяр емес. Мәселен перенталдық орталықта жыл басынан бері мерзімінен бұрын 189 сәби өмірге келген. Қазір 27 шақалық дәрігерлер бақылауында. Ерекше күтімнің арқасында шала туылған сәбилердің 75 пайызы аман қалады дейді ақ халатты абзал жандар. Мәселен, Казталовтық 20 жасар жас ана қызын осыдан екі ай бұрын босаныпты. Шала балалар неліктен дүниеге келеді? Әрине, оның себептері көп. Дәрігерлердің айтуынша, ең негізгілерінің бірі сыртқы факторларға, әсіресе, болашақ ана жұмысының химиялық, зиянды өндіріске қатыстылығына байланысты орын алады. Ал сәбилердің тез салмақ жинап, жетілуіне «28 ілмек» клубының еріктілерінің қолдан шыққан бұйымдары септігін тигізуде. Қайырымдылық ұйымы шала туылған нәрестелерге қажетті тоқыма бұйымдарын әзірлейді. Алғашқы мерекелерін медициналық мекемеде қарсы алған сәбилерге бұйымдардан бөлек ойыншықтар, ал аналарына дәмділер ұсынылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.