Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әлеуметтік медициналық сақтандыру

c 17:30, 27/02/2019 c 494

2019 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасын төлеу тәртібі де, жарна мөлшері де өзгермейді. Бұл туралы бүгін баспасөз алаңында сала мамандары мәлімдеді. Еске сала кетеміз «Қазір жарнаны жұмыс берушілер ғана төлеп жатыр.Олар келер жылы да жұмыскер табысының 1,5 пайызы көлемінде аударым жасайды. Ал, жеке кәсіпкерлер өзі үшін жарна аудару міндетінен 2018 жылы босатылған болатын. Яғни күні бүгінге дейін облыс бойынша 26 мыңнан аса жұмыс беруші төлеген 4 млд.тан аса қаржы Ұлттық банкте сақтауы тұр.2020 жылы сақтандыру пакеті бойынша көрсетілген қызмет ақысын төлеуге жұмсала бастайды. Яғни жиынтық сома үшін қам жеуге еш негіз жоқ. Сонымен қатар, әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры өткен жылы Батыс Қазақстан облысының 51 медицина ұйымымен, соның ішінде, 38 мемлекеттік және 15 жеке ұйыммен шартқа отырды. Бүгінде осы бағыттағы бірқатар жұмыстар оңтайтандырылған. Естеріңізге сала кетсек, Парламент жақында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай жиынтық төлем енгізетін заңды қабылдаған болатын. Аталған төлемге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасы да енгізілген. Бұл өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға сақтандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.