Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«АҚЖОЛ» ПАРТИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ АРАНДАТУШЫЛЫҚ ОРЫН АЛЫП ОТЫР МА?

c 19:50, 06/02/2023 c 137

0:00 / 0:00

«Ақ Жол» партиясына қатысты арандатушылық әрекеттер орын алып жатыр ма? Партия төрағасы Азат Перуашев телеграмм желісінде жалға беруші «Ақжол» партиясының Алматы қалалық филиалынан офисті босатуды талап етіп жатыр деп жазды. Дәл сайлау науқанында филиалдың жұмысы қызып жатқан сәтте ғимаратты босат деу түсініксіз дейді партия төрағасы Перуашев. Оған қоса, сайлау болады деп, мәжіліс таратылардың алдында осы партияның мүшесі болған экс-депутат Азамат Әбілдаевтың әрекеті де ақжолдықтарды алаңдатқан еді. Бұл саяси ойын ба? Бұл жайында партия серкесімен өткен шағын сұқбатта айтылады.

Жалпы сайлау науқаны саяси партиялардың бойына қан жүгіртетін кез. Дәл осы кезде қай партияның күші басым, қайсы бәсекеге қабілетті екенін көруге болады. Оған қоса партиялар арасында пікір-талас, сыни ойлар да айтылып жатады. «Ақ жол» партиясының серкесі Азат Перуашевтің өз айтқандай, сынақсыз өмір болмайды, партия да тірі организм. Ал алдағы Парламент Мәжілісі мен маслихаттардың сайлауына түсеміз деп, кандидаттарын бекітіп, ОСК тіркеуден өтіп жатқан сәтте «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалы жалдап отырған ғимараттың иесі, офисті босатуды талап етуде. Бір қызығы жалға беруші бұл талапты бір жақты тәртіпте жазған. Перуашевтің айтуынша, қазір партия ғимаратты босатса, сайлауға тіркелу құқығынан айырылп қалуы мүмкін. Бұл жерде партияға қатысты қарсы әрекеттер жасалып жатқан сияқты дейді ол.

Бұл ақжолдықтарға қатысты жасалып жатқан қисынсыз әрекеттің бір ғана емес. Бұған дейін партияның белсенді мүшесі, екі шақырылым депутаты болған Азамат Әбілдаевтың сұхбаты елді бір шулатқаны есімізде. Әбілдаев Украина қатысты Ресейдің әректеін қолдайтынын мәлімдегенді. Оның бұл сұқбатына соң «Ақжол» партиясы Азамат Әбілдаевты қатарынан шығарып, депутаттық мандатынан айырғанды.

Айта кетейік, жаңадан тіркелген, алдағы сайлауға түсуге сақадай сайланып отырған «Байтақ» жасыл партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев ақжолдықтарды сынап, Парламентте бизнесмендерге орын бермеу керек деген болатын. «Ақ жол» партиясы болса жасылдар партиясын бәсекелес ретінде көрмейді. Ақжолдың басты бәсекелесі «Amanat» партиясы. Себебі, ақжолдықтардың көздеген билік үшін күрес.

Бүгінде «Ақ жол» партиясының 300 мыңнан астам мүшесі бар. Партия ОСК-на Мәжіліске депутаттыққа үміткерлердің тізімін және тиісті құжаттарды тапсырды. Ақ жол партиялық тізіммен 54 үміткерді, ал мажоритарлы жүйемен яғни бірмандатты округтен 24 адамды ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.