Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақылы автотұрақтар салынады

c 17:56, 01/11/2019 c 486

0:00 / 0:00

Оралда ақылы автотұрақтар көбейетін болады. Бірінші кезекте коммуналдық меншіктегі тұрақтар реттелсе, кейін жекенің қолына берілетіндерін дамытуға күш салынады. Өйткені, қала аумағында темір тұлпарлардың саны жыл санап өсіп келеді.Мәселен, шағын шаһардың өзінде қазір 8 мыңдай көлік тіркелген. Бұған қоса күн сайын қалаға сырттан 1 мыңға жуық көлік кіріп шығады. Оның 500-ден астамы транзиттік көліктер. «Ал қаладағы 600-ден аса көшеде көлік ағынын реттеу үшін автотұрақтарды ақылы жүйеге ауыстыру қажет», - дейді мамандар. Мысалы, қазіргі таңда автовокзал аумағындағы жекенің қолына өткен автотұрақ бірқатар талаптарға жауап береді. Мұндай жобалар Алматы және Астана, Шымкент сынды қалаларына таңсық емес. Өйткені турстер көп келетін аумақтарда ақылы автотұрақтарға сұраныс жоғары. Келешекте теміржол вокзалы мен магистралды көшелерден тыс аумақтарға да осы тәсіл енгізілмек. Ал әзірге бұл бағыттағы жұмыстардың нақты қашан қолға алынары белгісіз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.