Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘККІ ҰРЫ ҰСТАЛДЫ

c 17:28, 17/02/2021 c 239

Орал қаласында ұрлық дерегі азаймай тұр. "Пәтер тоналды", "темір тұлпар ұрланды"- дегенді жиі құлағымыз шалады. Қылмыстық жағдайларды болдырмау мақсатында қаланың полиция басқармасы жұмысты күшейтті. Нәтижесінде гараждарды тонап жүрген әккі ұры тұтқындалды. Күдікті кезекті ұрлық кезінде қолға түскен.
Орал қаласының тұрғыны 2020 жылдың қазан айынан осы күнге дейін гараждардың есіктерін бұзып кіріп, үй иелерінің жеке мүліктерін ұрлап келген. Оңай келген олжаларды күдікті базарда, көшеде еркін түрде сатып, пайда тауыпты. Азамат бұрын да істі болған көрінеді. Сол әдетіне басып, тағы ұрлық жасап ақыры қолға түсті. Ал қолды болған заттарды күдіктіден тәркілеген полиция қызметкерлері иелеріне қайтарып беруде. Осы орайда өзінің жеке заттарын таныған қала тұрғындары болса, 102 номеріне хабарласуын сұрайды.
Жалпы жыл басынан бері Орал қаласында 187 ұрлық дерегі тіркелген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 385 фактіні құраған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.