0:00 / 0:00
Облыс әкімдері партия қатарынан шығуы керек. Мәжілістегі "Ақ жол" фракциясының депутаттары облыс пен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің жұмыс мерзімін бес жылдық мерзіммен шектеуді ұсынды. Сондай-ақ, әкімдерге қандайда бір саяси партияға мүше болуға тиым салу қажет дейді. Бұл жайында Ақжолдың депутаттары үкімет басшысына жолдаған сауалында мәлімдеді. Партия төрағасы Азат Перуашевтің пікірінше, билік партиясына мүше болып отырған әкімдер, сол партияға басымдық береді.
Өздеріңізге мәлім, елдегі президенттік басқаруда біріқатар өзгеріс орын алғанды. Қазақстан Президенті партияға мүше болуға болмайды. Оның туыстарына билікке қызметке келуге шектеу қойылған. Осылайша президент саяси партиялар арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Тағы бір мәселе облыс және қала әкмідеріне партиялардың аймақтағы филиалдарын басқаруға да шектеу қойылды. Дегенмен, әкімдер партияда мүшелікте қалып отыр дейді ақжолдықтар. Яғни филиалын басқармаса да, өзі мүше болып отырған саяси партияға басымдық беруде. Ал өзге партиялардың ұсыныс-талаптары ескерусіз қалуда. Ақжол фракциясының депутаттары әкімдерге қандайда бір саяси партияға мүше болуға тиым салу қажет деп есептейді.
Ақжолдықтар отыз жыл бойы Қазақстанда бір ғана партия билікке монополия жасады. Сол себепті әкімдердің партияда болмағаны жөн дейді. Елімізде «Аманат» партиясының құрамында биліктің бүкіл тармағы отыр.
Сондай-ақ, «Ақ жол» фрациясының депутаттары үкімет басшысынан облыс пен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің жұмыс мерзімін бес жылдық мерзімге шектеуді ұсынды. Бүгінде зейнет жасына келген әкімдердің бір орыннан қозғалмай өңірді басқарып отырғанын білеміз.