Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әкім ескертуі

c 16:05, 03/07/2019 c 496

0:00 / 0:00

Бәйтерек ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ғали Есқалиев аудан активімен кездескен тұста, ысырапшылдыққа жол бермеуді тапсырды. Яғни, аудан көлемінде ұйымдастырылатын саны көп, сапасы жоқ жиындарды тоқтатуға, халыққа қажетті болады-ау деген шараларды іріктеуге тапсырма жүктеді. Сондай-ақ, аймақ басшысы әкім қаралардың жұмысын бизнеске жасаған көмегі мен жаңа жұмыс орындарының ашылуымен бағалайтындығын жеткізді.

Қызметіне жаңа кіріскен облыс әкімімен кездесу үшін Бәйтерек ауданының автиві түгел дерлік жиналды. Шарада сөз алған аудан басшысы 2018 жыл мен биылғы жылдың көрсеткіштеріне тоқталып, жақсы көрсеткіштерді тізіп шықты. Әкім есебінде барлық дерлік сала қамтылған. Атқарылған жұмыс та аз емес.

Аудан әкімінің есебін мұқият тыңдап, бұқара халықтың пікірін естігеннен соң, аймақ басшысы сөз алды. Ол келешекте ауданның барлық мұқтажын бюджет есебінен толықтыру мүмкін емес екендігі, мәселеден шығатын өзге жолды іздестіру керектігін атап өтті. Сондай-ақ, аймақ басшысы ендігі кезекте әкімдердің жұмысын жаңаша бағалайтындығын жеткізді.

Сонымен қатар, облыс әкімі барлық әкімдерге ысырапшылдыққа жол бермей, халыққа қажетті шараларды ұйымдастырып, бизнестің дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға байланысты тапсырмасын жүктеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.