Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Ақ жолдықтар" саяси -қуғын сүргін мен ашаршылық құрбандарына тағзым етті

c 16:15, 31/05/2021 c 327

0:00 / 0:00

31-мамыр- саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Қазақ жерінде репрессия өткен ғасырдың жиырмашы жылдарында басталды. Сол кезде Голощекиннің саясатының кесірінен млн.-даған адам ашаршылық кезінде көз жұмып, ату жазасына кесіліп, жер аударды. Алаш арыстарының рухына тағзым еткен қазақ елі қанды қырғынның құрбандарын тебірене еске алды. "Ақ жол" партиясының өкілдері марқұмдардың аруағына құран бағыштап, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

"Ақ жол" партиясының өкілдері саяси-қуғын сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алды. Партия өкілдері ең алдымен ұлт-азаттық көтерілісте ерлікпен қаза тапқан батырлар Махамбет пен Исатайдың ескерткіші басына барып, бабалардың рухына бас иіп, тағзым жасады.

Кейін "Ақ жолдықтар" саяси -қуғын сүргін мен ашаршылықтан қаза тапқан боздақтарға арнап қойылған ескерткішке Алашордалықтардың суреттерін ала келді.

Партия өкілдері өткен ғасырда ел үшін жандарын пида қылған бабалар рухына құран бағыштады.

"Ақ жолдықтар" бүгінгі шараның мақсаты ауқымды,- дейді. Олар кешегі күні ел үшін опат болған азаматтардың ерлігін бүгінгі ұрпаққа насихаттап, түсіндірудің маңызы зор деп есептейді.

Қазақ халқына тарих сахнасынан жоғалып кету қатері бірнеше мәрте төнді. Соның бірі -өткен ғасырдың 25-ші жылы басталған репрессия еді. Голощекиннің саясатының кесірінен 25 мың адам ату жазасына кесілді. Атылған жандардың ішінде ел үшін табанды еңбектеніп, азаттық үшін күрескен алып тұлғалар жазықсыз жаланың құрбаны болды. Алашорда үкіметінің көрнекті тұлғалары атылып, қазақ халқының қабырғасы қайысты. Олардың ел үшін атқарған өлшеусіз еңбегі бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалады. Ауыр нәубет жылдары млн.-даған адам ашаршылықтың кесірінен көз жұмып, мыңдаған адам жазықсыз сотталды. Оларды қамауда ұстау үшін Қазақстан аумағында 11 түрме бой түзеді. Жазықсыз жала арқалаған азаматтардың жанұялары да зардап шекті. 1925 жылы басталған "Кіші қазан" революциясы ашаршылықпен жалғасып, өзге ұлт өкілдерінің елімізге қоныс аударған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.