Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫ КАНДИДАТТАР ТІЗІМІН ЖАРИЯЛАДЫ

c 09:13, 02/02/2023 c 94

0:00 / 0:00

«Ақ жол» партиясы да сайлауға дайны екенін мәлімдеді. Бүгін партияның ХХІ құрылтайында Мәжіліс сайлауына партиялық тізім арқылы 54, ал мажоритарлық жүйе арқылы 24 адам кандидат ретінде бекітілді. Сондай-ақ, мәслихаттарға депутаттарын сайлауға «Ақ жол» партиясының атынан 174, ал мажоритарлық жүйемен 652 адам ұсынылатын болды.

Сайлау күні жақындаған сайын, науқан да қыза түсуде. Бүгін ақжолдықтар екінші болып Парламент Мәжілісі мен жергілікті жерлердегі маслихаттар сайлауына сақадай сай екенін жариялады. Құрылтайда партия серкесі өткен жылы үкіметке ұсынған реформаларын тағы бір еске салды. Өзін парламенттегі оппозициялық партиямыз деп есептейтін Ақжол осы бетінен қайтпаймыз деп отыр.

Құрылтай барысында партия алдағы сайлауға үлкен әскермен бармақшы. Мәжіліс сайлауына партиялық тізім арқылы 54, ал мажоритарлық жүйе арқылы 24 адам кандидат ретінде бекітілді. Бұл тізімді мәжілістің экс-депутаттары бастап тұр. Сонымен қатар барлық деңгейдегі жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлауға «Ақ жол» партиясының атынан 174, ал мажоритарлық жүйемен 652 адам ұсынылатын болып шешілді. Алаш туын ұстанған партия бағытымз- ұлт қамы деп отыр. Ал оған қарсы шыққандарды партияда ұстамаймыз деп ұран салды ақын Иса.

Партияның бағдарламасындағы басты мақсат-сыбайлас жемқорлық, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық, экономика мен саясаттағы монополиядан басталатын ескі олқылықтарды жою екені айтылды. Делегаттар өз тарапынан партияның саяси бағдарламасына бірқатар ұсыныс енгізуді жөн санап, ол үшін арнайы комиссия құрылды. Оны енді партияның ұлттық кеңесі қабылдайтын болды. Ал бүгін Қазақстан халқы партиясы Мәжіліс сайлауына кандидаттарының құжатын тапсырып үлгерді. Бұған дейін бұл партияның құрамынан Жамбыл Ахметбеков, Ерлан Смайылов бастаған 4 мүшесі шығып кеткен болатын. Олар мәжілістің жетінші шақырылым депутаттары болған еді. Партия төрағасы олардың бұл әрекетін «сатқындық» деп бағалады. Ал сайлаудан соң партия Мәжілісте аз дауыс жинап жатса Ертісбаев өз орнын босатып беруге дайынмын деп, мырзалық танытты.

Қызылдар партиясынан Парламент Мәжілісіне 52 адам ұсынылған еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.