0:00 / 0:00
БАҚ өкілдерінің айтуынша, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс бәсекелестікті жояды. Саяси тақырыптарды қозғауға, билікті сынауға, өткір материалдарды беруге тежеу болады. Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа жылына 50 миллиард теңге бөлінеді. Осылайша елдегі жарнама нарығынан асып отыр. «Хабар», «Қазақстан» арналарына қазынадан қомақты қаржы бөлінеді. «Егемен Қазақстан», «Қазправда» газеттері де мемлекеттің қолдауынан құр алақан емес. Жыл сайын 10 БАҚ ешбір конкурссыз мемлекеттік тапсырыс алады. Нәтижесінде телеарналарға сұраныс аз болса да, оған бөлінетін мемлекеттік қаржы өсе береді. Сарапшылардың айтуынша, мемлекеттік БАҚ-қа миллиардтар тоқтаусыз беріліп жатқанда, аймақтық арналар өлместің күнін кешіп жатыр.
ИГОРЬ НИДЕРЕР ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ «Мемлекеттік арналар бюджеттің ақшасына шомылып жатыр. Оларға тоқтаусыз қаржы құйылуда. Бірақ олар оны толық игеріп жатқан жоқ. Ал бұл орайда аймақтық телеарналар өлместің күнін кешіп жатыр. Оларға онсыз да оңай емес. Бюджеттік қаржыландыру жеткіліксіз. Егер аймақтарды дамытуымыз керек десек, аймақтық БАҚ-қа қолдауды күшейту керек»
Егер мемлекет қазақстандықтарға атқарған істері мен қабылданған заңдары жайында түсіндіру жұмыстарын жеткізгісі келсе, ондай материалдар халық көретін БАҚ- көрсетілуі керек дейді сарапшылар. Ал жылда миллиардарты тоқтаусыз мемлекеттік арналарға ғана үлестіре беру салық төлеушілердің ақшасын далаға шашумен тең. Журналистер қауымы бас қосқан жиында аймақтық, тәуелсіз БАҚ-ң жай-күйіне көңіл бөлу керектігі айтылды. Себебі аймақтық арналар жарнамадан да мардымды табыс көрмейді. Өйткені оның көрсетілім аясы тар. Сарапшылардың бірі журналист Ерболат Мұхамеджанов аймақтық ТДК-42 телеарнасының мәселесін сөзге тиек етті.
Еске сала кетейік, 25 жылдың тарихы бар біздің арна елордада өз өкілдігін ұстап отырған аймақтық телеарна. Оған қоса ТДК-42 телеарнасы батыс өңірін түгел қамтып. Атырау, Ақтау және Ақтөбе өңірлерінде де өз бөлімшелерін ашып алған. Қоғам белсенділері мен мамандардың пікірінше, БАҚ –ты жекешелендіру керек. Олар бұқаралық ақпарат құралдарының бір бөлігіне еркіндік берген жөн дейді. Алайда, мемлекет мұндай шешімге бара ма? Айту қиын. Айтпақшы, масс-медиа бас қосқан форумның аймақтық БАҚ-ң мәселесіне қатысты жиынында ақпарат министрлігінің өклідері төбе көрсетпеді.