0:00 / 0:00
Сенатор Дана Нұржігіт үкіметке қазақстандық әйелдердің зейнет жасын төмендетуді ұсынды. Депутаттың айтуынша, әйелдерді 58 жастан зейнеткерлікке шығару керек. Соңғы кездері қоғамда зейнетақы мәселесі жиі көтеріліп жүр. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» боламыз дегеніміз рас болса, ендігі жерде бұл мәселені жылы жауып, қарап отырғанымыз дұрыс болмайды –деді сенатор өзінің пермьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында.
Мәтін. Жалпы қазақстандықтардың зейнет жасын 2027 жылға дейін 63 жасқа жеткізу мәселесі 2015 жылы қабылданған тиісті заңмен бекітілген. Алайда, қоғамда бұған қарсылық білдірушілер көп.Себебі, жылдар бойы еңбек етіп, бейнеттің зейнетін көре алмай кетіп жатқандар бар. Ауыр еңбекте жүргендердің, әйелдерің зейнет жасын төмендету туралы ұсыныстар жиі айтылып жүр. Тіпті әйелдер қауымы наразылық акциялары өткізіп, үкіметке өз талаптарын ұсынған болатын. Парламент депутаттары да зейнет жасын төмендету туралы талай сауал жолдады. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутат Дана Нұржігіт әйелдердің зейнетке шығу жасын 58 жасқа төмендетуді ұсынды. Сенатор халық үніне құлақ асатын мемлекет боламыз десек, ендігі жерде бұл мәселені жылы жауып, қарап отырғанымыз дұрыс болмайды –деді.
Аймақтарды аралап келген мәжілісмен Ерлан Сайыров зейнет жасын төмендету халықтың сұрауы дейді.
Сенатор Нұржігіт «БҰҰ мәліметінше 2022 жылы Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы әйелдер үшін 78 жасты және ерлер үшін 70 жас деп көрсетілген»- дейді. Жаңа Қазақстанның үкіметі халық үніне құлақ асатын болса, бұл мәселе де шешімін табар деген үміт бар. Себебі, бұған дейін вице-премьер Ералы Тоғжанов зейнеткерлікке шығу жасын төмендету мәселесі күн тәртібінде бар деген болатын.