0:00 / 0:00
Полиция әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейткенін хабарлайды. Бүгін өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Жасұлан Жұманалин әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау шаралары туралы айтып берді. Министрлікте арнайы бөлімше құрылған.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, жыл сайын дүние жүзінде 50 мың¬нан астам әйел тұрмыстық зорлық-зомбы¬лық¬тан көз жұмады. Зорлық-зомбылықтың сал¬дарынан әйелдер жарақат алып, психикалық ауруға шалдығып жатады. Ал балалар зорлық-зомбылық көріністеріне куә болып, қатты күйзеліске ұшырайды. Мамандардың айтуынша, балалар энурез, кекештік, псориаз және психосоматика¬лық ауруларға шалдығады. Қазақстанда да мұндай жағдай жиі орын алады. Пандемия кезінде отбасындағы жанжалдан тұрмыстық зорлық-зом¬бы¬лықтың деңгейі 41 пайызға өскен.
Ішкі істер министрлігінде әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі арнайы бөлімше құрылды. Өткен жылдан бастап мұндай лауазымдар әрбір аудандық полиция бөлімшесінде енгізілген.
ЖАСҰЛАН ЖҰМАНАЛИН – ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Барлық полиция департаменттерінде тұрақты жұмыс істейтін жедел-тергеу топтары құрылды, олардың құрамына 280 әйел-тергеуші кірді. Әйел тергеушілердің қылмыстық істерді тергеуі сенім факторын қолдануға және тергеу әрекеттерін сапалы жүргізуге мүмкіндік береді. Жыл басынан бері отбасындағы тераннан зорлық-зомбылық көргендерден 100 мың хабарлама келіп түссе, соның 60 пайызы тоқталды. Себебі, полция келген бетте зардап шегушілер шағымнан бас тартып жатады».
Жұманалиннің айтуынша, министрлік тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту бойынша заңнамалық түзетулер әзірледі.Тараптардың татуласу рәсіміне қойылатын талаптар күшейтілмек. Тек сотта татуласуға мүмкіндік беруді ұсынылды. Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік қатаңдайды. Ал қайта қылмыс жасағаны үшін әкімшілік қамауға алу мерзімдерін ұлғайту ұсынылып отыр.