Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ӘЙЕЛДЕР-АЙ, ӘЙЕЛДЕР!»

c 09:59, 09/03/2023 c 164

0:00 / 0:00

Қазақстандағы гендерлік теңдік, әйелдердің рөлі жайындағы мәселе үкіметтің отырысында қаралды. 8-і наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында бұл тақырып өзекті болып тұр. Еңбек министрлігі әйел азаматтарды жұмыспен қамту мәселесін қозғады. Ал Денсаулық сақтау министрі нәзік жандардың денсаулығына қатысты көрсеткіштерді алға тартты. Ұлттық экономкиа министрі Әлібек Қуантыров болса, Қазақстанда мемлекеттік қызметте қанша әйел лауазымға ие екенін айтып, есеп берді.Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі 55,4 пайызды құрап отыр. Оның ішінде 39,2 пайызы басшылық лауазымда. Үкіметтің бүгінгі отырысы нәзік жандарды құттықтаумен бастау алды.

Басты жаңалық, Ең бастыӘйелдер-ай, әйелдер! Қандайсыңдар?! Әдемі боп кетіпсің ғой әрқайсың! -деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, бүгінгі үкімет отырысына шенеунік қыз- келіншектер мен журналист қыздар әбден сайланып келгенін аңғардық. Тілшілер үшін тосын сый болғаны-әдетте есігін тарс жауып алып, жиын өткізетін министрлер кабинетінің залына бұл жолы тілші қыз-келіншектерді кіргізді. Кірген бетте журналистерге гүл шоқтары табыс етіліп, министрлермен қауышып, жылы лебіздер айтылып жатты. Премьер-министр үкіметтің отырысын нәзік жандарды көктем мерекесімен құттықтаудан бастады.

Одан әрі осы екпінмен, отырыста әйелдер мәселесі талқыланды. Ұлттық экономика министрі әйелдердің биліктегі, бизнестегі, саясаттағы рөліне тоқталды. Оның мәліметінше, Қазақстанда лауазымды қызметке ие әйелдердің үлесі 55,4 пайызды құрап отыр. Оның ішінде 39,2 пайызы басшылық лауазымда.

Ал саяси лауазымдарда 59 әйел еңбек етеді. Ал министрлер кабинетінде үш-ақ әйел отырғанын айтып кеткім келеді. Еңбек министрінің айтуынша, елімізде 4,3 млн жұмыспен қамтылған әйел бар. Бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 48% - ын құрайды. Әйелдер барлық салада белсенді. Бизнесте, құрылыста, ауыл шарушалығында тізе берсең әйел қауымы қол қусырып отырған жоқ. Дегенмен, жұмыссыздық мәселесі күн тәртібінен түспей отыр.

Ал еліміздің бас дәрігері қазақстандық әйелдердің денсауығына алаңдайды. Елімізде 10 млн астам әйелдің 4 млн-нан астамы бала туу жасындағы әйел дейді министр.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, елімізде бизнестегі әйелдердің үлесі АҚШ, Түркия елдеріне қарағанда жоғары. Қазақстандық кәсіпкер әйелдердің үлесі 45% құрайды. Одан әрі бұл тақырыпты әріптесім Қаламқас өрбітеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.