Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«АЭС САЛУ МӘСЕЛЕСІ БИЫЛ ШЕШІЛЕДІ»

c 09:48, 18/02/2022 c 463

0:00 / 0:00

Қазақстан Атом Электр станциясын салу мәселесі биыл шешіледі. Бұл жайында Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Парламент Сенатының дәлізінде журналистердің сұрағына жауабында айтты. Вице-министр Атом электр станциясын салу жоспарланып отыр, бірақ ол қай жерде салынады, мөлшері мен көлемі әзірге белгісіз деді.

Осылайша күн тәртібінен түспей отырған АЭС салу мәселесі ағымдағы жылы шешілмек. Әзірге ядролық реактордың қай аймақта салынатыны белгісіз. Энергетика вице-министрі Экология кодексіне сәйкес мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстанға жаңа генерация тұрғызу қажет. Көміртексіз генерация керек. Сол үшін атом станциясын салу ұсынылуда дейді. Нұрмағанбетов, елдегі генерациялаудың негізгі бөлігі совет уақытында салынған. Қазір стансалардың тозығы жеткенін айтты.

Өздеріңізге мәлім, он жыл бойы талқыланып келе жатқан бұл мәселе төңірегінде әңгіме көп. Яроллық реактордың бой көтеретін алаңы ретінде- Курчатов пен Батыс Қазақстан аймағы, Алматы облысы да айтылып жүрді. Алайда, көптеген алып елдер АЭС бас тартып жатқаны да мәлім. Соның ішінде Германия бар. Ал электр энергиясының тапшылығын баламалы энергия көзін тарту арқылы неге шешпеске деген сұрақ да туындайды. Сонау 2017 жылы дүркіретіп "жасыл" технологияларға арналған ЭКСПО көрмесін өткізген Қазақстанда "жасыл" энергетиканың үлесі 4%-ке ғана құрап отыр. Алайда, баламалы энергия көзі сұранысты жаппайды дейді шенеунік.

Вице-министр Франция 20 жаңа реактордың құрылысы бойынша жұмысқа кірісті. Финляндия, Беларусь, Араб Әмірліктері, Швеция, Түркия сынды елдерде қазір 50-ге жуық реактордың құрылысы жүріп жатыр дейд

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.