Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әдеп жөніндегі кеңес өтті

c 17:51, 04/03/2022 c 419

0:00 / 0:00

Сырым ауданының 7 шенеунігі ауыл тұрғынының шағымына түрліше жауап берген. Даудың басы жаяу жүргіншілер жолағының жоқтығынан басталыпты. Ауыл тұрғыны проблемасын айтып, шағымданады. Атқамінерлер жаяу жүргіншілер жолағын салғасын, шағым иесі осы жолдың уақытылы қардан тазартылмайтынын жеткізген. Бұл шағымды ауылдық округтің әкіміне жолданған. Ауыл әкімінің "Құжаттарды тексерер кезде алдын ала уақытын хабарлап келіңіздер" деген хаты арыз иесінің көңілінен шықпапты. Әкімнің хаты құқығымды бұзды деп есептеген ауыл тұрғыны тағы да шағым түсіреді.

Әдеп кеңесінің мүшелері Сырым ауданыны аппаратында қызмет жасайтын мамандардың ісін қарады.. Ауыл тұрғыны жаяу жүргіншілер жолағы қардан тазартылмайды деп шағымданады. Бұл шағымды ауылдық округтің әкімі бірге қарауы керек деп шешім қабылданыпты. Әкім шағым иесіне хатта алдын ала ескертіп келіңіз деп жазады. Бұл ауыл тұрғынының көңілінен шықпайды. Сөйтіп, тұрғын тағы да хат жазып, әкімді жазалауды талап еткен. Аталмыш арызды Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы Медет Мырзаш қарайды.

Медет Мырзаштың жауабына көңілі толмаған ауыл тұрғыны тағы да хат жазып, кінәлі тұлғаларды жауапқа тартуын талап етеді. Сөйтіп, тамызда ауылдық әкім қызметіне сәйкес келмейді деген ескерту түріндегі жазаны арқалайды. Десек те, ауыл тұрғынына жауап дайындаған хатында қос инспектор бір-біріне қарама -қайшы болатын ақпарат жазады. Мәселен, мамандар бір азат жолда әкімнің тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын жазса, енді бірінде Мырзаштың неліктен жауапкершілікке тартылмауы керегін айтып, өз тұжырымын жазады.

Сырым ауданы әкімінің аппарат қызметкерлерінің ісін қараған әдеп кеңесінің мүшелері мамандарға қатысты ұйғарым шығарған кезде, пікірлері қақ жарылды. Бірі-қызметіне сәйкес келмейді деп шешім шығаруды қолдаса, енді бірі тәртіптік істі тоқтатуды ұсынды.

Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған екінші іс-ауыл шаруашылығы басқармасының субсидия төлеу мәселесіне қатысты. Қазіргі таңда осы басқарманың бөлім басшысы мен кәсіпкерлер бірлесе отырып, мемлекеттің қаражатын жымқырды деген күдікпен сот процесіне қатысуда. Сол себепті әдеп кеңесінің мүшелері бұл істі қарай алмады. Оқиға 2019-2020 жылдары болған. Олар күн панельдерін қымбатқа сатып алыпты. Өткен жылдары осы күн панельдеріне субсидия төленіп келді.

Әдеп кеңесінің мүшесі Мұрат Мұқаев басқарма басшысына күн панельдерін сатып алуда жемқорлық фактілері болуы мүмкін деп ескерткенін еске салды.

Кеңес мүшелері қылмыстық істің аяқталғанын күтіп, кейін айыптау үкімі шықса, бұған қатысы барлық тұлғаларды жауапкершілікке тартуды қарастырамыз деп тарқасты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.