Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АДАМ САУДАСЫ ӨРШІП ТҰР

c 20:40, 03/04/2023 c 89

0:00 / 0:00

Қазақстанда адам саудасы өршіп тұр. Бірін заңсыз ұстап жезөкшелікке салса, енді бірін мал бақтырып қойған деректер орын алуда. Тіпті туған баласын сатып жібергендер де бар. Оралда 3 жасар қызын 1 млн теңгеге сатқан Қарақалпақстан тұрғыны ұсталды. Ішкі істер министрлігі ұсынған деректерден төбе шашың тік тұрады. Тілші жалғастырсын.

Адам саудасы – бұл ауыр қылмыс. Адамды заңсыз бас бостандығынана йырып, мәжбүрлеп ұстау деректері жиі орын алады. Бірін жезкөшелікке салса, енді біріне айдалада мал бақтырып отырғандар баршылық. Ал ішінен шыққан баласын саудалап, сатқандардың әрекетіне сөзі жоқ. Әлемде жыл сайын мыңдаған ерлер, әйелдер мен балалар үйде де, шетелде де адам саудагерлерінің қолына түседі. Көшеде ақша сұрайтын балалар мен ересектер күн сайын жүздеген адамдармен кездессе де, сауданың құрбаны болуы мүмкін, бірақ көмек алу үшін оларға жүгіне алмайды. Әлемнің барлық елдері адам саудасынан зардап шегеді және адам саудасының құрбаны болуы мүмкін. Еліміздің ішкі істер министрлігі адам асудасының құрбаны болмас үшін қорғану жолдарын ұсынады. Ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов оңай ақша табу туралы күмәнді ұсыныстарға сенбеуді, жеке басын куәландыратын құжаттарды ешкімге бермеуді ұсынады. Басқа қалаға немесе елге барған кезде байланыс телефондарыңыз бен мекен жайларды туыстарыңыз бен жақындарыңызға қалдырғаныңыз жөн. Сондай-ақ адам саудасы туралы ақпаратты білген жағдайда, дереу полиция бөліміне хабарласу керек.

ҚАНАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ – ҚР ІІМ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ «Кезекті «Стоп-трафик» жедел іздестіру шарасы өтті. Полиция жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу бойныша интернет желісіне мониторинг жасады. Адам саудасына қатысты 1 дерек заңсыз бас бостандығынан айыру дерегі, 8 дерек бойынша адам саудасы, соның ішінде 4-і кәмелет жасқа толмағандарға қатысты қылмыс болып отыр. 8 дерек бойынша жезөкшелікке тарту, олардың біреу кәмелет жасқа толмаған. 20 факті притон, 1 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Жезөкшелікпен айналысуға ғимарат ұсыну бойынша 14 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді».

Орал қаласында балаларын сатқан Қарақалпақстан Республикасының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол екі баласын сатқан.

ҚАНАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ – ҚР ІІМ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ «Жас әйел 2018 және 2019 жылы туған екі баласын сатқаны анықталды. Бірінші факт 2018 жылғы маусымда орын алған. Әйел жаңа туған баласын Атырау облысындағы отбасылық жұпқа заңсыз жолмен асырап алуға берген. Ал екінші факт 2022 жылғы желтоқсанда болған. Бұл жолы ол өзінің үш жасар қызын 1 млн теңгеге Оралдағы жұпқа сатып жіберген»

Жетісу облысында тоғыз ай бойы алдау арқылы екі кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 1993 жылы туған әйел анықталды. Жәбірленушілер 2008 жылы туған, 8-сынып оқушылары. Олардың тапқан табысын жеңгетай өзі алып отырған.Сондай-ақ, 19 жастағы қостанайлық бойжеткенді 250 мың теңгеге сатқан күдіктілер ұсталған. Шығыс Қазақстан облысында еңбекті заңсыз пайдалану фактісі анықталды. Шаруа қожалығының басшысы зорлық-зомбылық және қорқытып-үркіту арқылы 1971 жылы туған жергілікті тұрғынды өткен жылдан бері үй шаруашылығына жұмсап, мал баққызған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.