0:00 / 0:00
10 мамырда "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметов 30 миллион доллар көлемінде пара алғаны үшін қамауға алынды деген ақпарат тарады. Еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл ақпарды растап отыр. Қазір Мырзахметов Астананың полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлап отыр Антикор.
Ескі Қазақстанның бай-бағландарының заңсыз иемденген байлығына қармақ салына бастады деп жарыса жазып жатыр әлеуметтік желі қолданушылар. Ал Отандық БАҚ -та "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовтің 30 миллион доллар көлемінде пара алғаны үшін қамауға алынғаны туралы хабар тарауда. Тіпті кейбір ақпарат көздерінде, Мырзахметов қара халықтың сіне кірмейтін қомақты параны кімнен алғаны хабарлануда. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовке параны 8 ж сотталып кеткен кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың інісі Талғат Боранбаев бергені белгілі болды деп жазады өз телеграмм каналында журналист Михаил Козачков. Еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мырзахметовтің Астананың полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
Сондай-ақ, Абылай Мырзахметов кәсіпкерлер палатасын басқарғанда осы палатаның төралға төрағасы болған Тимур Құлыбаевпен қоян-қолтық жұмыс істегені есімізде. Құлыбаев экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы екені баршаға мәлім. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасады. Абылай Мырзахметовтің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр дейді ресми өкіл.Сондықтан өщге мәліметтер ашық айтылмайды. Өздеріңізге мәлім Абылай Мырзахметов өткен жылдың басында "Атамекен" ҰКП басшылығынан кеткен болатын. Ол жиырма жыл бұрын көлік министрі және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшысы да болды. Сол кезде де Мырзахметов істі болып, 2002 жылы наурызда қызметінен шеттетіліп, сол жылдың маусымында тұтқындалған болатын. Абылай Мырзахметов мемлекет мүлікін ұрлауды ұйымдастырды деген айыппен мүлкі тәркіленіп, шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Енді міне тағы да істі болып жатыр.
Ал Forbes-ң мәліметіне сүйенсек, былтыр қазақстандық миллиардерлердің капиталы өскен. Forbes тізімінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қыздары Дариға Назарбаева мен Динара Құлыбаева, күйеубаласы Тимур Құлыбаев, жиені Нұрәлі Әлиев пен немере інісі Нұрбол Назарбаев та бар. Журналистер сенат дәлізінде спикерден “осы адамдардың қалай байығаны тергелуі тиіс пе?” деген сұрақ қойған еді.
Сондай-ақ, сенат төрағасы шетелге заңсыз шығарылған қаражатты қайтару жұмысы жүріп жатқанын айтты. Жемқор шенеуніктерден қайтқан қаражат түсетін тиісті шоттар бар. Бәрі шетінен қайтып жатыр. Ол қаражаттар мектеп салу үшін жұмсалады. Қазірдің өзінде бұл жұмыстың нақты нәтижелері бар. Арнайы заң қабылдағанда бұл жұмыс оңтайландырылады- деп уәде берді спикер Әшімбаев.