Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

90 жазасын өтеуші рақымшылыққа ілігеді

c 15:39, 10/12/2021 c 2402

0:00 / 0:00

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай сотталғандарға амнистия жарияланады. Осы амнистияға үш түзету мекемесінде отырған 90 адам іліккен. Олардың қатарында кімдер бар?

Биыл мерекеге орай сотталған азаматтарға амнистия жарияланбақ. Сала мамандарының таратқан ақпарына сүйенсек рақымшылыққа 90 адам ілігеді. Олардың көбі ұсақ бұзақылық пен ұрлық жасаған.

Сала мамандары рақымшылық бойынша түрмеден босап шыққан жандар пробация қызметінің бақылауында болмақ,- дейді.

Бұған дейін амнистия 2016 жылы болған-ды. Сол кезде 117 адамға рақымшылық жасалды. Сала мамандары темір тордың ар жағынан ерте шыққан соң да өткенінен сабақ алмаған кей азаматтар қайтадан қылмысқа барып, жазасын түзету мекемесінде кері өтеп жатқанын айтады. Жалпы тәуелсіз Қазақстан тарихында 8 мәрте сотталғандарға жеңілдік жасалды.

Сурет https://24.kz/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.