Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

72,7 ТОННА СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ ШИКІЗАТЫ ТӘРКІЛЕНДІ

c 18:42, 24/03/2023 c 98

0:00 / 0:00

Ішкі істер министрлігі өндірістік ауқымда синтетикалық есірткі шикізатын жеткізуді жолға қойған Қазақстан мен шетел азаматтарынан құралған трансұлттық қылмыстық топтың жұмысын тоқтатты. ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірхановтың хабарлауынша, жалпы 72,7 тонна прекурсор тәркіленді. Бұл синтетикалық есірткі шығару үшін әкелінген шикізат.

Синтетикалық есірткі дерті әсіресе жастарды улап жатыр. Ғалымдар бұл кеселдің адам психологиясына санаулы секундта өте қатты әсер ететінін айтып, дабыл қағуда. Ал полиция үшін есірткінің бұл түрімен күресу қиындап отыр. Себебі, «синтетикалық есірткі» саудасы белең алып бара жатыр. Оған интернет өте ыңғайлы құрал болып тұр. Әлеуметтік желі арқылы емін-еркін сатып жатыр. Әлем бойынша аптасына синтетикалық есірткінің 10 жаңа түрі шығарылады. Жасырын зертханалардың бизнесі жүріп тұр. Қазақстанға «синтетикалық есірткі» сегіз-тоғыз жыл бұрын келген. Оның алдында темекі қоспалары бар «спайс» деген түрі келді, кейін түтіні жоқ темекі – «снюс» саудаға шықты. Одан әрі әлем бойынша «кристалл», «жылдамдық», «ваннаға арналған тұз» деген түрлі атаулармен синтетикалық есірткілер еркін сатыла бастады. Бұл қасіретке жастар ілігіп жатыр. Өткен жылы елімізде есірткі қылмысына барған 25 жасөспірім ұсталды. Олар «Аз уақытта ақшаға көмілесің», «кез-келген уақытта бұл бизнестен шыға аласың» деген сайттардағы жарнамаға алданып жатады. Ішкі істер министрлігі өндірістік ауқымда синтетикалық есірткі шығару үшін әкелінген прекурсорларды жеткізуді жолға қойған Қазақстан мен шетел азаматтарынан құралған трансұлттық қылмыстық топтың жұмысын тоқтатты. Әуе арқылы барлау да қолданылған. Өткен жылдың қазан айында және осы жылдың наурыз айында прекурсорлардың контрабандасына қатысқан үш шетелдік азамат елден тыс жерлерде ұсталды.

Тәркіленген шикізаттың жалпы көлемі 72,7 тоннаны құрайды.

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Синтетикалық есірткінің бағасы да қол жетімді. БАҚ мәліметі бойынша, 1 грамм мефедрон 12 мың теңгені құрайды. Осылайша есірткі өндіргіш қылмыскерлер 96 миллиард теңге көлемінде пайдадан қағылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.