Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

63 көлік өртке оранған

c 17:23, 29/08/2019 c 670

0:00 / 0:00

Оралда  «Астана» сауда үйінің маңында көлік жанып кетті. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің  мамандары таратқан  мәліметке қарағанда, оқиға кеше кешкісін болған. Сағат 18.15-те Сырым Датұлы көшесі бойындағы «Астана» сауда үйі аялдамасы маңында 2011 жылы шығарылған «Hyundai Accen»t автокөлігінің жанып жатқаны жөнінде мәлімет түскен.   БҚО ТЖД  бас маманы  Жарас Көпжасаровтың айтуынша   өртті сөндіруге 6 адам, 1 техника жұмылдырылған.  – «Тілсіз жау» сағат 18.28-де ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлілер, келтірілген шығын анықталуда. Жыл басынан бері облыста көлік жанудың 63 дерегі тіркелді. Көп жағдайда шетелдік үлгідегі автокөліктер өртеніп отыр ,– деді Ж. Көпжасаров.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.