Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

40 сарбаз әскерге аттанды

c 16:02, 24/10/2019 c 562

0:00 / 0:00

БҚО 40 азамат әскерге аттанды. Олар Алматы облысына қарасты Үшарал қаласына аттанып, Отан алдындағы борышын өтемек. Болашақ жауынгерлерді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері барлық сән-салтанатымен шығарып салды.

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент қызметкерлері кезекті мәрте батысқазақстандық ер азаматтарды әскерге шығарып салды. Болашақ жауынгер қорғаныс министрлігіне қарасты қызметте борыштарын өтемек. Сала мамандарының сөзіне сенсек, қазіргі таңда 300-ге батысқазақстандық әскерилердің қатарын толықтырған.

Департамент мамандары ұйымдастырған шараға болашақ жауынгерлердің ата-аналары мен "Жас сарбаздың" құрамына енетін мектеп оқушылары да қатысты.

Шара барысында мектеп оқушылары өнерлерін ортаға салып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл сыйлады.

Салтанатты шара оқушылардыңәскери техника мен қару-жарақ көрмесін тамашалаумен аяқталды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.