Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

4 млрд. теңгеге аудиторлық қате кеткен

c 16:49, 03/03/2021 c 648

0:00 / 0:00

Оралда көктемгі тасқынның алдын алу жұмыстары қарқын алды. Күнбе-күн арықтар қар мен мұздан тазартылуда. Қазір бұл жұмыс 90 пайызға атқарылған. Қолға алған шаруаны аптаның соңында аяқтау көзделіп отыр.Қар мен қоқысқа толған арықтарды тазалап, аршу жұмысы өткен айда басталған. Бұл іске "Жайық таза қала" ЖШС -нің 350 адам мен 120 техника жұмылдырылыпты. Тазарту мен қарды шығару тәулік бойы жүргізілуде. Оралдағы үлкен және кіші айналма арықтар желісі 7360 метрді құрайды. "Тазарту кезінде өткен жылдардағы тәжірибені негізге аламыз",- дейді кәсіпорын басшысы. Су басу қаупі бар аумақтар бірінші кезекте аршылады. Айта кеткен жөн коммуналдық мекеменің екі жылғы жұмысына БҚО бойынша тексеру комиссиясы бақылау жүргізіп, көптеген аудиторлық қателіктерді анықтаған. Оның ішінде 4 млрд. теңге шығын келтірген заң бұзушылық орын алғаны белгілі болыпты."Сәуір болмай, тәуір болмас",-демекші көктемнің алғашқы айы басталғанымен коммуналдықтар маусымдық жұмыспен әзірге қош айтыспасы анық. "Көктемгі су тасқынының алдын-алу жұмыстары үздіксіз жүргізіледі",- дейді мамандар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.