Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

391 мың га жер пайдаланылмай отыр

c 17:12, 29/03/2021 c 366

0:00 / 0:00

БҚО-да 391 мың га құрайтын жер учаскесі пайдаланылмай жатыр. Мұндай жер телімдерін мақсатына сай игеру, болмаса мемлекет меншігіне өз еркімен қайтару бағытында түсіндіру, хаттамалар толтыру және ресми сайттарда тізімдерін жариялау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен Батыс Қазақстан облысы бойынша пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мәселесі бойынша кеңесте айтылды. Облыс көлемінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану мақсатында бірқатар шаралар жүргізілуде.Облыс көлемінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану мақсатында бірқатар шаралар жүргізілуде. Мәселен, 2019-2021 жылдар аралығында игерілмеген 1 млн. 96 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімі анықталса, 2021 жылы - 174 мың га алқаптың бос жатқаны белгілі болған. Анықталған жер учаскелерінің ішінен пайдаланушылар өз еркімен мемлекет меншігіне 144 мың га қайтарса, оның 55 мың гектары қайта ауыл шаруашылығы айналымына енгізілген.Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша пайдаланудың бірыңғай үлгі шарты бекітілді. Аталған шартқа сәйкес жерлерді тиімді пайдалану мақсатында мониторинг жүргізу тәртібі заңмен қарастырылған. Сәйкесінше, 25 наурызда жер комиссиясының алғашқы отырысы өткізіліп, проблемалық мәселелер көтеріліп, осы жиында талқыланған болатын. Алдағы уақытта комиссия отырысы аптасына 1 рет өткізілетін болады.Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы жерлерін Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына табыстау мақсатында экономикалық айналымға енгізу бойынша конкурстар өткізілуде. 2020 жылы облыс көлемінде ауыл шаруашылығын дамытуға жер учаскелерін табыстауды көздеген 51 конкурс өткізіліп, нәтижесінде 545 мың құрайтын 674 жер учаскесіне жалдау құқығы беріліпті.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.