Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Таза су - таза болуы тиіс

c 17:49, 01/03/2019 c 644

0:00 / 0:00

Оралда көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық суды магнитті сүзгімен тазалайтын сепаратор орнатылуда. Оның көмегімен, судың құрамындағы темір оксиді мен өзге де химиялық элементтердің шамадан тыс көп болуын қадағалауға болады. Пилотты жоба тұрғын үй коммуналды шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында қолға алынды. Дәлірек айтқанда бұл үй тұрғындарының ыссы судың сапасына көңілдері толмайтын.Жаңа қондырғы бұл мәселені бір жақты етуге себеп болмақ. Яғни аталмыш құрылғы тіршілік нәрінің құрамындағы зиянды заттарды өзіне тартып алып, тұрғындарға таза мөлдір су таратады.
Сонымен қатар бұл қондырғы жылу құбырларының тозуынан да сақтауға себеп болады дейді сала мамандары. Ал тұрғындар болса, бұған дейін ыстық су үнемі сарғыш және лас болғанын айтады. Сонымен қатар жаңа су тазартқыш құралдар еліміздің 4 өңірінде сынақтан өтуде. Екеуі неміс компаниясының қондырғысы болса қалғандары канадалық апараттар. Яғни қайсысының тиімділігі жоғары болса сол тұрғын үй секторында қолдынылмақ. Ал қондырғы бірнеше ай сынақтан өтетін болады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.