Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жастар жылы

c 17:48, 30/01/2019 c 944

0:00 / 0:00

Президент Н.Назарбаев биылғы Жолдауында келесі 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялайтынын айтқан еді. Осы уақытқа дейін мемлекеттің саясаты мен әлеуметтік қолдауынан тыс қалған жастарға бұл жыл не береді? Жастардың өзі «Жастар жылы» қалай болғанын қалайды? Осы сауалдармен қоғам өкілдері – жастардың өз пікірін білген едік.Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мен оларға қолдау көрсету, түрлі салалар бойынша бағыт-бағдар бере отырып, шыңдалуына жол ашу мақсатында @zhasproject жобасы жүзеге асады. Сонымен қатар жас мамандармен қамту және жұмыссыздықпен күрес мәселесі де басты назарда. Осы орайда  жұмыссыз жастардың нақты санын анықтап, кәсіптік білім беру және жұмысқа орналастыру мәселесін бірінші кезекте қолға алынбақ. Мәселен өткен жылы орталыққа жолыққан 519 жастың 350 і тұрақты жұмысқа орналыстырылса биылдың өзінде 8 жас екі қолға бір күрек тапқан. Биыл  кәсіпкерлік саласына жол ашылады. Сонымен қатар биыл жастарды ақпараттандыу жұмыстарына да баса мән беріледі. Өйткені ақпарат майданында дұрыс да бұрыс  мәліметтер қаптап жүр. Олардың аражігін ажырату бүгінгі күннің басты талабы. Сонымен қатар қоғамда орын алып жатқан құқықбұзушылықтың алдын алу, тәртібі қиын тұлғалармен тиімді жұмыс жүргізу мәселесі де алдыңығ кезекте дейді жас буын өкілдері

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.