Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

30 қыркүйек - ҚР Әділет органдары қызметкерлерінің күні

c 17:39, 30/09/2019 c 1832

0:00 / 0:00

ҚР-ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылдың 20-қазанындағы Жарлығымен әділет органдары қызметкерлерінің күнін атап өту белгіленген болатын. Жыл санап аталмыш мерекенің аталып өту кеңістігі кеңеюде. Бұл - құптарлық іс. Шынымен, әр тәуілік сайын еліміздің мемлекеттік міндеттемелерді заң жүйесі аясында орындап жүрген әділет органы қызметкерлерінің ісін қиын да жауапкершілігі мол жағдайға баларсың. Кәсіби жиын аясында әділет департаментінің басшысы Аманжол Абдрахманов  әділет органдарының еліміздегі алар орны мен мақсат - міндеттеріне жекелей тоқталып өтті.

Ел егемендік алған сәттен бастап ҚР Әділет министрлігі мен оның аймақ құрылымдары мен бөлімшелері мемлекеттік қызмет жүйесін құқықтық тұрғыдан қамтып, кәсіби біліктіліктерін жоғары дәрежеде дәлелдеп келеді. Еліміздің заңнамалары аясында әділетті қызмет атқарып келе жатырған бұл органның қай салада болсын алар үлесі ұшан-теңіз. Бүгінгі таңда Әділет Депаратменті жергілікті атқарушы органдары мен әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерін тіркеу, жылжымайтын мүлік құқықтарына бақылау жүргізу, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізу, сондай-ақ адвокаттар мен нотариустардың жұмыстарын үйлестіруде тыңдырымды жұмыс атқарып келеді.

Салиқалы жиын аясында ҚР Әділет министрлігінің бұйрығымен «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» өңіріміздің әділет департаментінің бір қатар қызметкерлері алғыс хаттармен мараптталды.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.