Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

20 жасар қызды құтқарып қалды

c 17:09, 28/10/2019 c 533

0:00 / 0:00

БҚО да өзін-өзі суға лақтырған қызды 31 жасар Еркебұлан есімді тәртіп сақшысы құтқарып қалды. Оқиға кеше түс мезгілінде орын алған. Абырой болғанда 20 жасар студенттің денсаулығына ешқандай зиян келмеген .Оқиға нақ осы Шаған өзен арқылы өтетін көпір үстінде болған. Түскі уақыт 12:00-мен  13:00-тің аралығында осы жерде өтіп бара жатқан бойжеткенді әуелі Еркебұлан серуендеп жүргендердің бірі деп ойлайды. Артынша арудың көпірден секірмек болған ниетін байқайды. Күздің қара суығына қарамастан қыз ғұмырды ажалдан сақтап қалмақ болған ол, суға секіріп, өзен бетінде қалқып жатқан жас қызды көпір тіреуіне дейін шашынан сүйреп алып келіп, алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Бұл маңда Еркебұлан кездейсоқ өтпегенде жағдайдың не боларын кім білген. Ал ол өзінің бұл әрекетін ерлікке баламайды, азаматтық міндетім деп біледі. Тек оң солын әлі танып үлгермеген жастар жарық дүниенің қадірін білсе екен дейді. Осы орайда айта кеткен жөн БҚО ПД-нің арнайы мақсаттағы жасақ қызметі оқу-жаттығуда қауіп-қатерге қарсы тұрудан бөлек алғашқы медициналық қөмек көрсетуді меңгереді. Жыл басынан бері өңірде суйдцидтік сипаттағы 130 факті тіркеліпті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.