Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

11 тұрғын үй салынуда

c 14:54, 15/07/2020 c 683

0:00 / 0:00

Бүгінгі таңда Орал қаласында 11 тұрғын үй салынуда. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бой көтеріп жатқан сегіз үй биылғы жылдың соңына дейін тапсырылса, қалған үш нысанның құрылыс жұмыстары келесі жылы жалғасады деп жоспарланып отыр. Жаңа үйлердің біразы қаланың солтүстік-шығыс бөлігінен орын тебуде. Бұл ауданды игеру 2016 жылы басталған болатын. Шағынауданның аумағы – 108,6 гектарды құрайды. Осы ауданда шамамамен 30 көпқабатты үй салу жоспарланған.
Қазіргі таңда үш нысанның да құрылысы қарқынды. «Болашақ-Т», «Отделстрой», «Альтим» құрылыс компаниялары ауа райына қарамастан жұмыстарын тоқтатпады. Бұдан бөлек тағы екі үйдің құрылысына қаржы бөлінген. Бұқаралық спорттың дамуына үлес қосуға ниет еткен оралдық кәсіпкер жеке қаражаты есебінен спорт кешенін салуда. Жаңа нысан тамыздың үшінші жексенбісіне сай келетін спортшылар күніне қарай қолданысқа беріледі. Кәсіпкер қаланың солтүстік-шығыс ауданынан жер алып, өткен жылдың жазында өзі ойлаған спорт кешенінің құрылысын бастап кеткен. Қазірдің өзінде оған жасанды көгал төселіп, жалпы құрылыс жұмыстарының 90 пайызы тәмамдалған. Негізінен спорттық залда грек-рим күресінен жаттығу өткізіледі. Сондай-ақ аумағы 35- 17 метр болатын футбол, волейбол, баскетбол ойындарына арналған зал бар.
Әрқайсысы 50 адамдық киім ауыстыру бөлмесі, арнайы жуынатын бөлмелер де қарастырылған. 950 шаршы метр аумақты алып жатқан спорт кешені құрылысына кәсіпкер өз қаражаты есебінен 90 млн. теңге жұмсаған.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.