Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

10 колледж "Жас маман" жобасына қатысуда

c 18:26, 12/02/2021 c 450

0:00 / 0:00

Бүгінгі студент- ертеңгі жас маман. Бірнеше жыл біліп алып, диплом алған жастар екі қолға бір күрек таба алмай, жұмыс іздеп шарқ ұратыны жасырын емес. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар жасақталса да, жұмыс берушілер жас, әрі тәжірбиелі мамандарды жұмысқа қабылдағанды жөн көреді. Бұл жастардың жұмысқа тұруындағы бір мәселе болса, екінші мәселе-жұмысқа тұрған жастардың білімі қазіргі заманауи технологиядан қалып қоюында болып отыр. Осы олқылықты жою үшін бүгінде "Жас маман" атты бағдарлама іске қосылды.

Оқуын бітірген жас мамандардың жұмысқа орналасуы берген білімнің тәжірбиедегі айқын көрсеткіші екені даусыз. "Студенттердің қазір қолданып жатқан жаңа технологияны үйреніп, жаңа құрылғыларды меңгергені абзал",- дейді мамандар.

Студенттер "Жас маман" бағдарламасы аясында сатып алған бірнеше станок пен сылақшы роботпен жұмыс істеуді меңгеріп жатыр.

Шараға қатысқан бизнес субъектілері мұндай жаңа құрылғылармен білім беру ұйымдарының толығуын құптап отыр.

Жалпы "Жас маман" бағдарламасына өңірдің 10 колледжі қатысып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.