Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТАСҚЫН СУДАН ҚОРҒАНА АЛМАЙ ЖАТҚАНДАР

c 00:05, 28/03 c 117

0:00 / 0:00

Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау, Абай, Қарағанды, Пауладар, Ақмола облыстарында су тасыды. Көктемнің әлегіне түсіп жатқан халық үйіне дейін кірген судан қорғана алмай жатыр. Қостанай облысының Екідің аулының тұрғындарынан келген мына бейнетүсірілімде ауыл малы суға кетіп жатқанын көресіз. Ауыл тұрғындары үйіне кіре алмай, дамбыда қонып шыққан. Тіпті үйлері суға ағып кеткендер панасыз қалды. Жердегі тоң жібімей, еріген қар суы жерге сіңбей жолындағысын шайып кетіп жатыр. Тіпті жол екіге бөлінгенін көріп отырмыз. шум

Ал Астанадан 15 шақырым жердегі Ақмола облысына қарасты Қоянды ауылының тұрғындары кеше түнде Астана-Пауладар тас жолын жауып тастады. Су басып жатқан ауыл тұрғындары әкімдіктен көмек талап етті.Қоянды ауылының тұрғындарының айтуныша, үйлеріне дейін су кіріп кеткен. Ауылдың 80 пайызы суда қалған. Әкімдік тарапынан судан тазарту жұмыстарын жүргізуді үш күн бойы сұрап келген олар, амалы таусылғасын жолды жабуға мәжбүр болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан тас жолда тұрған халыққа полиция келіп, оларды таратты. Оқиға орнына Ақмола облысының Целиноград ауданының әкімі келіп, қосымша көмек жіберіп, ауылды судан тазалаймыз деп уәде берді. Дегенмен, ауылда жағдай бүгін де толық шешілмеген.

ҚАНАТ ДОСПАЕВ – АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТЖД БАСШЫСЫ «Дәл қазір Қоянды ауылындағы жағдай әлі де қиын бірақ бақылауда.Еріген қар суынан тазалу үшін Ақмола мен Астана төтенше жағдайлар департаменттерінЕН күш тартылды. Жергілікті билікпен де бірлесіп жұмыс жүргізіп жатырмыз. 76 жеке құрам, 17 техника және тағы да су соратын техникалар жұмыс істеп жатыр. Әлі де ауылда қиын жағдай сақталған»

Көктемнің тосын сыйына жергілікті билік дайын болмағанын қазіргі орын алған төтенше жағдайдан көріп отырмыз дейді депутаттар. Жылда қар еріп, өзендер арнасынан асып, тасиды. Бұл әкімдіктер үшін тосын сый деп айта алмайсыз. Неге ел әбігерге түсіп, тұрғындар баспанасынан айырылып, күн бағып отырған малын жоғалтып жатады.

Депутаттың айтуынша, жылда орын алатын су тасқынында өз жұмысында ағаттық жіберген әкімдіктер мен құзырлы орган басшыларын жауапқа тартуды күшейту керек.

Абай облысының Аягөз ауданында үш адам суға кетіп, оларды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Абай өңірінде де су тасып, елдімекендерді су басып, жолдарды шайып кеткен еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.