Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПИЯЗДЫҢ ЖЫРЫ

c 23:27, 27/03 c 64

0:00 / 0:00

Өткен жылдары сәбіз бен картопқа зар болып, көрші елдерден сұрап кеткеніміз есімізде. Одан кейін қант тапшылығына тап болдық. Ал 2023 жылы елде пияз тапшы болып, бағасы шарықтағаны есімізде. Сол кезде Пәкістанан пияз тасымалдап кеткен едік. Енді биыл шаруалар пияз тапшылығынң орнын толтырамыз деп, жуаны молынан салған екен. Қазақстандық шаруалар жүз мыңдаған тонна пиязын өткізе алмай сан соғып қалды. Алматы, Жамбыл облыстарының шаруалары тонталап жатқан пияздың келісін тіпті 20 теңгеге өткізе алмай отыр. Әлеуметтік желіде тараған бейтүсірілімде қоғам белсенділері пияздың ысырап болып жатқанына ауыл шаруашылық министрін кінәлады. Олардың пікірінше, ауыл шаруашылық министрлігінде агрожоспарлау жоқ.

Осылайша аталған өңірлердегі шаруалардың 115 мың тонна пиязы өтпей жатыр. Пияз егіп нәпақа табамыз деп, шығынға батқан олар үкіметтен көмек сұрайды. Ал ауыл шаруашылық министрі бұған дейін қай өнімді көбірек егуді, қайсын азайтуды алын-ала жоспарлау болмағанын мойындады. Оған қоса пияз экспорты 70 мыңға тоннаға төмендегенін айтады.

Былтыр өнімді қымбатқа өткізген шаруалар биыл да пиязды қымбатқа сатып алатындар кездесіп қалар деген үмітпен уақытын өткізіп алған. Кей шаруалар пияз алқабын мың гектарға қысқартып ексе де, пияз өнімі ысырап болып қалып жатыр. Енді шаруалардың мәселесін пиязды экспортқа шығару арқылы шешудің жолы ғана қалды.

Министр Алтын орда базарында көтерме бағамен пияз сату үшін орындар қарастырылған деп отыр. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов егіс егі науқанына алдында оңтүстік өңірлердегі құрғақшылық циклінің зардабын ылғал көп қажет етпейтін дақылдардың алқабын кеңейту арқылы азайтуға болатынын айтты. Әкімдіктердің тарапынан бұл бағытта белсенді жұмыс көрінбейді. Диқандар өңірлердің нақты жоспарлары мен салалық министрліктің міндеттерінен бейхабар деп сынады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.