Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САМАТ ӘБІШ ШАРТТЫ ТҮРДЕ 8 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

c 23:51, 21/03 c 84

0:00 / 0:00

Депутат Ермұрат Бәпидің фейсбук желісіндегі жазбасы елді елең еткізді. Мәжілісмен алғашқылардың бірі болып, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш қаралы қаңтар кезінде қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін жабық соттың шешімімен 8 жылға шартты түрде сотталды деп хабарлады. Мәлім болғандай Әбішке қатысты сот үкімі ағымдағы жылдың 26 ақпанында шығып қойған. Алайда қазақ қоғамы бұдан бейхабар. Ешбір ресми орган Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты сот шешімі жайында ақпарат бермей жатып, депутаттың бірінші болып естуі сұрақ тудырады. Бәпидің айтуынша, бұл ақпаратты «ДАТ» газетінің инсайдерлік ақпарат көзінен білген. Депутат 238 адам қаза болған қаралы қаңтар оқиғасы бойынша сотталып отырған Самат Әбішке қатысты шыққан шешім әділетсіз дейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін бас прокуратура Әбішке қатысты тергеу жүріп жатқанын, ол ешқайда кетпеу туралы қолхат бергенін хабарлағанды. Айта кету керек, экс-президенттің бауырына қатысты қылмыстық іс қаңтар оқиғасына 1,5 жыл толғанда барып ғана қозғалды. Депутат Бапидің жазбасынан соң ғана Астананың Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ұйқыдан оянып, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты сот үкімі шығып, шартты түрде 8 жылға сотталғанын ресми түрде хабарлады.Сотта прокурор айыпты қолдап, соттан Әбішке 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, 10 жылға белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыруды сұрады. Бұл ретте қылмыстық кодекстің 63-бабы негізінде жаза пробациялық бақылауды белгілей отырып, сол мерзімге шартты түрде айқындалады. Сондай-ақ, сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде жас балалардың болуын және оның шын жүректен өкінуін таныды. Ешқандай ауырлататын мән-жай анықталған жоқ деп хабаралйды соттың баспасөз қызметі . Мәжілісмен Әбіштің жас балаларының болуы оған жеңіл жаза беруге себеп емес дейді.

Әбішке қатысты сот шешімін өзгертуге бола ма?

Ішкі істер министрі ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасарына қатысты пробациялық бақылау бекітілгенін айтады.

ЕРЖАН СӘДЕНОВ – ҚР ІІМ "Үкім бойынша судьялардан сұрау керек. Қазіргі кезде ол пробациялық бақылауға алынды. Оған тұрғылықты жерден тыс жерге шығуға болмайды. Сотта пробациялық бақылау белгіленді"

Айта кету керек, 8 жылға шартты түрде сотталған Самат Әбіш генерал атағы мен мемлекеттік наградаларынан айырылады. Оған қатысты қозғалған қылмыстық істің "Құпия" белгісін ескере отырып, сот отырыстары жабық форматта өтті, - деп хабарлап отыр Астананың Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.