Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕЛТАҢБАНЫ АУЫСТЫРУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ КОМИССИЯСЫ ҚҰРЫЛАДЫ

c 14:00, 20/03 c 90

0:00 / 0:00

Неше күннен бері қазақстандықтар елтаңбаны өзгертуге қатысты ұсынысты қызу талқылап жатыр. Бұған дейін "Жаңа Адамдар" жастар қозғалысы ел тұрғындарына елтаңбаны ауыстыру туралы ұсыныс жасағанды. Қозғалыс тіпті қазақстандықтардың арасында сауалнама жүргізген. Қолданыстағы елтаңба құндылықтарымыз жайлы сыр шертпейді әрі болашаққа жол сілтер рәміз емес. Ал сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 70 пайызы елтаңбамызды тани алмады дегенді алға тартады қозғалыс өкілдері. Өткен аптада Атырау қаласында өткен құрылтайда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Елтаңбаның жобасын жасауға ашық байқау жарияланатынын айтты. Тоқаев елтаңбаға қатысты көптің пікірмен санасуымыз керек деді. Мемлекет басшысы Ту мен әнұранымызда мін жоқ екенін айтады. Ал елтаңбада кеңес дәуірінің ұғымы бар деген пікір де жоқ емес.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ «Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып қалады. Оны Кеңес заманындағы Гербке ұқсатып жатады. Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек. Ортақ келісімге келген жағдайда арнаулы комиссия құруға болады. Бұл комиссия мәселені жан-жақты қарастырып, қоғамдық талқылау өткізеді. Сосын Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады».

Үкіметте бүгін өткен брифингте Қаржы министрі Мәди Тәкиев елтаңбаны ауыстыруға қатысты шешім қабылдау комиссиясы құрылатынын айтты.

МӘДИ ТӘКИЕВ – ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ «Елтаңбаны ауыстыруға қатысты мәселе белгілі бір кезеңнен бері талқыланып келе жатқанын жақсы білесіздер. Президент Ұлттық құрылтайда аталған мәселені талқылауды ұсынды. Мемлекет басшысы егер қоғам бұл мәселеге жаппай қолдау білдірсе, онда оны одан ары талқылау қажеттігін айтты. Ол үшін арнаулы комиссия құрылады. Комиссия аталған мәселені тыңғылықты қарастыратын болады. Егер бұл мәселеге қатысты оң шешім қабылданған жағдайда, шығыстарына қатысты қалған жайттар туындайды. Ал оған қанша қаржы жұмсалатына келсек, алдымен бірінші мәселені шешіп алайық, одан кейін екіншісін қарастырамыз»

 

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері алғаш рет 1992 жылғы 4 маусымда заңмен бекітілді. Елтаңбаның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов екенін еске салғымыз келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.