0:00 / 0:00
Әлеуметтік желді күн көріп отырған малынан айырылып жатқан шаруалардың жанайқайы тарап жатыр. Биылғы қыс Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау өңірлері үшін оңай болмады. Шаруалардың айтуныша, жылқылардың қырылуына басты себеп – қысқы жұт. Ал жұтты алдын ала болжап білу мүмкін емес. Қыстың күні жауған жауын немесе күннің аяқ астынан жылынып кетуі салдарынан қар еріді. Ал бірнеше күннен кейін аяз болып, еріген жер қайта мұз болып қатып қалды. Сөйтіп, бүкіл жайылым жабылып қалды. Ал тебінде жүрген жылқылар аш қалып, қырылып жатыр. Ал жүздеген жылқыны қорада ұстау мүмкін емес. Ауыл халқы наурыздың ортасына дейін қорада тұрған малдың өзіне жем-шөп тауып беру мүмкін емес дейді.
Әсіресе Ұлытау өңірінде жылқының жаппай қырылуы орын алуда. Депутат Аманжол Әлтай шаруларамен тығыз байланыс ұстап отырмын дейді. Тек бір ауылда 400 бас жылқы қырылған. Ал ауыл шаруашылқы министрлігі Ұлытау облысында 2000 бас және Жаңаарқа ауданында қолда бар мал басының жартысы өлді деген ақпарат шындыққа жанаспайды деп мәлімет таратуда. Мәжілісмен жергілікті әкімдер мен ауыл шаруашылық министрлігін өз ауруын жасыру үшін шынайы ақпаратты жасырып отыр деп сынады.
Үкімет жарты ғасырда бір келетін жұтқа дайын болмай отыр дейді мәжілісмен
Өкінішке орай, әлеуметтік желі бетінде Қарағанды, Ақмола облыстарының да шаруаларының жанайқайын көруге болады. Бұл өңірлерде де ауыл тұрғындары үйір-үйір жылқы ұстап, жан бағып отыр. Мына жұтта тек бір ауылда 200 бас жылқы қырылған. Құлын тастаған биелер қаншама. Бір орама шөптің бағасы 2000 теңгені құрайды. Бидайды 3000 теңгеге, кебекті 1500 теңгеге сатып алуға мәжбүр. Мәжілісмен былтырғы егінен қалған, қамбада жатқан экспорттауға келмейтін сапасыз бидайды осындай кезде шаруаларға арзан бағаға үлестіріп беруге болатын еді дейді. Ол да жоқ. Жергілікті әкімдер мен құзырлы орган тек мал басын санап, оны жасырумен әлек. Жүздеген малынан айырылған шаруаларға үкімет өтемақы төлей ме?
Бұған дейін шаруаларға жеп-шөпті арзан бағамен алатындай субсидия көбірек берілсе деген ұсыныс та айтылғанды. Алайда, үкіметтегілер әзірге бұған құлақ асып отырған жоқ.